Agradecimento a Deus
Agradecer a Deus é louvor, adoração e reconhecimento da sua soberania. Dai graças ao Senhor porque Ele é bom — a sua misericórdia dura para sempre!
Ән салып Оның есімін мадақтаңдар,
Бізді құтқарғанын күн сайын хабарлаңдар,
Азғын жүректіні қасымнан қуамын,
Зұлымдық атаулыдан аулақ боламын,
Бейшараларды құтқарған рақымды Жаратқан Ие
Жаратқан Ие ізгі, мадақтаңдар Оны,
Мәңгілікке ұласады берік рақымы!
Жаныма қайғы батып, шаршап-шалдыққам,
Уәдеңе сәйкес күш сыйлай гөр маған.
Кейін Ол бұйрығымен ерітеді мұзды,
Жылы жел соққызып, ағызады суды.
Жаратқанның даусы от-жалын шашады,
Сонымен енді, я, Құдайымыз,
Саған шүкіршілік айтудамыз,
Ұлы атыңды мадақтаудамыз!
Еш нәрсені уайымдамай, барлық жағдайда өтініштеріңді Құдайға сиынып тілекпен және шүкірлікпен білдіріңдер!
Шүкірлік пен тілек мінажаты
Сендерді еске алған сайын Құдайға ризашылық білдіріп,
Не айтып, не істесеңдер де, бәрін Иеміз Исаның атымен жасап, Иеміз арқылы Құдай Әкемізге шүкірлік етіңдер!
Сенушілердің үлгілі сеніміне ризашылық білдіру
Сендерді Құдайға сиынғанда еске алып, бәрің үшін әрдайым шүкірлік айтамыз. Құдай Әкеміздің алдында сендердің Оған деген сеніммен игілікті іс істеп, сүйіспеншілікпен ауыр еңбек етіп және Иеміз Иса Мәсіхке табандылықпен үміт артып жүргендеріңді үнемі еске алып отырамыз.
Құдайдың қауымды жарылқауына шүкірлік
Мен Құдайға әрдайым сендер үшін шүкірлік етемін, өйткені Ол өздеріңе Иса Мәсіх арқылы рақымын сыйлады.
Құдайға шүкірлік етейік! Ол бізге Иеміз Иса Мәсіх арқылы жеңісті сыйлайды.
Алайда Құдайға шүкір: Ол Мәсіхпен тығыз байланыстағы бізді әрдайым жеңістің шеруімен жетелеп, біз арқылы Мәсіхті танудың «хош иісін» барлық жерге де таратуда.
Егіншіге себуге тұқым, ашыққанға жеуге нан беретін Құдай сендерге «игіліктің тұқымын» ағыл-тегіл мол сыйлап, әділ істеріңнің өнімін молайта түспек. Ондағы көздегені — сендердің әр жағдайда жомарттық жасай алатындай дәулетті болуларың, әрі біз арқылы жіберген көмектерің үшін көп адамдардың Құдайға шүкірлік етуі.
Бір-біріңді Забур жырлары, мадақтау өлеңдері және Киелі Рух дарытқан әндер арқылы жігерлендіріп, Иемізді ән-күймен шын жүректен дәріптеңдер. Иеміз Иса Мәсіхтің атымен Құдай Әкеге қай нәрсе үшін де ұдайы шүкірлік етіңдер!
Сенушілердің отбасындағы өмірі: ерлі-зайыптыларға өсиет
Сендер Мәсіхті қастерлейтіндіктен, бір-біріңе мойынсұныңдар!
Иса бес күлше мен екі кепкен балықты қолына алып, көкке қарап тұрып шүкірлік етті. Нанды халыққа тарату үшін үзіп-үзіп, шәкірттеріне бере берді, екі балықты да бәріне бөліп, үлестірді. Барлығы да жеп тойды.
Соңында олар нан үзімдері мен балықтан артылып қалғандарын жинап алғанда он екі себет толды.
Este artigo te tocou? Faça uma oração!
+581 estão orando agora.
Junte-se à corrente de oração.