Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 106

Бесінші жазба

Бейшараларды құтқарған рақымды Жаратқан Ие

1 Жаратқан Ие ізгі, мадақтаңдар Оны,

Мәңгілікке ұласады берік рақымы!

2 Осылай десін Жаратқанның құтқарғандары,

Оның жау қолынан босатып алғандары,

3 Жаратқанның жат елдерден жинағандары,

Шартараптан106:3 Яки: Шығыс пен батыстан, солтүстік пен (Қызыл) теңізден. еліне қайтарғандары.

4 Біреулері құла түзде босып жүрді,

Мекендейтін қала таппай дала кезді.

5 Аш болып, олар суға да зарықты,

Жандары әлсіреп, өше жаздады.

6 Мүшкіл халдерінде Жаратқанды шақырды,

Иеміз оларды қасіреттен құтқарды.

7 Мекендей алатын қалаға оларды

Тура жолмен жетелеп бастап барды.

8 Олар Жаратқанды мақтасын мейірімі үшін,

Адамдарға істеген кереметтері үшін!

9 Сусаған адамның шөлін Ол қандырды,

Қарны аш жанды нәрлі аспен тойдырды.

10 Біреулер түнекте, үмітсіз жағдайда

Тұтқында қиналып жатты темір бұғауда,

11 Олар сөзіне қарсы шығып Құдайдың,

Кеңесін менсінбеп еді Хақ Тағаланың.

12 Сонда Ол халқын ауыр бейнетке салды,

Олар сүрініп құлап, ешкім қолдамады.

13 Мүшкіл халдерінде Жаратқанды шақырды,

Иеміз оларды қасіреттен құтқарды,

14 Үмітсіз жағдай мен түнектен шығарды,

Байланған құрсауларын сындырып лақтырды.

15 Олар Жаратқанды мақтасын мейірімі үшін,

Адамдарға істеген кереметтері үшін!

16 Қола қақпаларды Ол быт-шыт қылды,

Темір ысырмаларын да сындырды.106:16 Иш 45:2.

17 Біреулер бас көтеріп ақымақ болды,

Күнәларына бола індетке шалдықты,

18 Барлық тамақтан жиренетін болды,

Ажалдың қақпаларына таяп қалды.

19 Мүшкіл халдерінде Жаратқанды шақырды,

Иеміз оларды қасіреттен құтқарды.

20 Ол сөзін арнап, оларды сауықтырды,

Жандарын ажалдан аман алып қалды.

21 Олар Жаратқанды мақтасын мейірімі үшін,

Адамдарға істеген кереметтері үшін,

22 Шүкірлік тартуларын Иемізге ұсынсын,106:22 Леу 7:22.

Шаттық әнмен Оның істерін паш қылсын!

23 Кемелермен теңізге шығатындар,

Мұхитты кезіп, сауда жасайтындар

24 Көреді Жаратқан Иенің істерін,

Терең теңіздегі кереметтерін.

25 Ол бұйрық беріп, қатты дауыл жіберді,

Зәулім биік толқындарды көтерді.

26 Кеме аспанға көтеріліп, жоғары шықты,

Тұңғиыққа құлағандай төмен түсті,

Қауіптен адамдардың үрейлері ұшты,

27 Маскүнемдей тәлтіректеп шайқалысты,

Не істерін білмей сапырылысты.

28 Мүшкіл халдерінде Жаратқанды шақырды,

Иеміз оларды қасіреттен құтқарды.

29 Ол дауылды басып, саябырсытты,

Теңіздің толқындарын да тыншытты.

30 Дауыл басылғанда адамдар қуанды,

Аңсаған кемежайына Ол бастап апарды.

31 Олар Жаратқанды мақтасын мейірімі үшін,

Адамдарға істеген кереметтері үшін,

32 Халықтар жиынында Оны дәріптесін,

Ақсақалдар кеңесінде қастерлесін!

33 Құдай өзендерді айналдырады шөлге,

Ал бұлақтарды құрғатып құла түзге,

34 Шұрайлы жерді — сортаң иен далаға,

Тұрғындарының зұлымдықтарына бола.

35 Бірақ шөлейт жерді Ол айналдырады көлге,

Кеуіп қалған даланы қайнар көзге,

36 Аш жандарды сонда қоныстандырады,

Олар мекендейтін қала тұрғызады,

37 Егін егіп, жүзімдік отырғызады,

Солардан ағыл-тегіл өнім алады.

38 Жаратқан Ие сол жандарды жарылқайды,

Олар өсіп-өніп ғаламат молаяды,

Мал басын да Иеміз азайтпайды.

39 (Халық тағы паңданса) саны қысқарады,

Езгі, апат, қайғы оны жуасытады,

40 Атақтыларын Иеміз қор қылады,

Жолсыз құла түзді кездіріп қояды,106:39-40 106:11-12,33-34; Заң 28:15-19; Әйүп 12:21,24.

41 Ал жарлыны мүшкіл халінен босатады,

Отардағы қойдай ұрпағын молайтады.

42 Әділдер мұны көріп, шаттанады,

Бар зұлымдар ауыздарын жабады.

43 Ақылды жан бұл жайттарға ден қояды,

Жаратқанның берік рақымын ұғынады.

Todos os capítulos de Забур жырлары 150
  1. 1
  2. 2
  3. 3
  4. 4
  5. 5
  6. 6
  7. 7
  8. 8
  9. 9
  10. 10
  11. 11
  12. 12
  13. 13
  14. 14
  15. 15
  16. 16
  17. 17
  18. 18
  19. 19
  20. 20
  21. 21
  22. 22
  23. 23
  24. 24
  25. 25
  26. 26
  27. 27
  28. 28
  29. 29
  30. 30
  31. 31
  32. 32
  33. 33
  34. 34
  35. 35
  36. 36
  37. 37
  38. 38
  39. 39
  40. 40
  41. 41
  42. 42
  43. 43
  44. 44
  45. 45
  46. 46
  47. 47
  48. 48
  49. 49
  50. 50
  51. 51
  52. 52
  53. 53
  54. 54
  55. 55
  56. 56
  57. 57
  58. 58
  59. 59
  60. 60
  61. 61
  62. 62
  63. 63
  64. 64
  65. 65
  66. 66
  67. 67
  68. 68
  69. 69
  70. 70
  71. 71
  72. 72
  73. 73
  74. 74
  75. 75
  76. 76
  77. 77
  78. 78
  79. 79
  80. 80
  81. 81
  82. 82
  83. 83
  84. 84
  85. 85
  86. 86
  87. 87
  88. 88
  89. 89
  90. 90
  91. 91
  92. 92
  93. 93
  94. 94
  95. 95
  96. 96
  97. 97
  98. 98
  99. 99
  100. 100
  101. 101
  102. 102
  103. 103
  104. 104
  105. 105
  106. 106
  107. 107
  108. 108
  109. 109
  110. 110
  111. 111
  112. 112
  113. 113
  114. 114
  115. 115
  116. 116
  117. 117
  118. 118
  119. 119
  120. 120
  121. 121
  122. 122
  123. 123
  124. 124
  125. 125
  126. 126
  127. 127
  128. 128
  129. 129
  130. 130
  131. 131
  132. 132
  133. 133
  134. 134
  135. 135
  136. 136
  137. 137
  138. 138
  139. 139
  140. 140
  141. 141
  142. 142
  143. 143
  144. 144
  145. 145
  146. 146
  147. 147
  148. 148
  149. 149
  150. 150

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.