Palavras de conforto
Deus é o Deus de todo conforto. Ele consola os que choram, restaura os quebrantados e promete que a dor presente dará lugar à alegria eterna.
O Deus de toda consolação
Bendito seja o Deus e Pai de nosso Senhor Jesus Cristo, Pai das misericórdias e Deus de toda consolação, que nos consola em todas as tribulações.
Құдайдың жұбатып, өлімнен құтқарғанына шүкірлік
Иеміз Иса Мәсіхтің Әкесі Құдай мадақталсын! Құдай — қайырымды Әкеміз, жұбаныш пен жігер атаулының бастауы.Ол бізді барлық азаптарымызда жұбатып, жігерлендіреді. Осылай Құдайдың өзімізді жігерлендірген жұбанышымен біз де әр түрлі қайғы-қасірет шегіп жүргендерді жігерлендіре аламыз.
Құдайдың жұбатып, өлімнен құтқарғанына шүкірлік
Иеміз Иса Мәсіхтің Әкесі Құдай мадақталсын! Құдай — қайырымды Әкеміз, жұбаныш пен жігер атаулының бастауы.Ол бізді барлық азаптарымызда жұбатып, жігерлендіреді. Осылай Құдайдың өзімізді жігерлендірген жұбанышымен біз де әр түрлі қайғы-қасірет шегіп жүргендерді жігерлендіре аламыз. Өмірімізде Мәсіхтің жолындағы азаптарымыздың молая түскеніндей, Ол арқылы көретін жұбанышымыз да ағыл-тегіл мол болады. Азап шегуіміз сендердің жігерленіп, құтқарылуларыңа септігін тигізеді. Өйткені біз көрген жұбаныш өздеріңді де жігерлендіреді. Соның нәтижесінде сендер дәл біз сияқты азаптарды бастан кешкенде шыдамдылықпен төзе аласыңдар. Өздерің жайындағы үмітіміз берік. Себебі азабымызды бөліскендеріңдей, біз қабылдайтын жұбанышты да бөлісетіндеріңді білеміз.
Өмірімізде Мәсіхтің жолындағы азаптарымыздың молая түскеніндей, Ол арқылы көретін жұбанышымыз да ағыл-тегіл мол болады.
Мен үлкен жиында Сені даңқтаймын,
Көп халықтың алдында Сені мақтаймын.
Promessas de restauração
Deus sarará o quebrantado de coração e atará as suas feridas. Quem semeia em lágrimas, colherá com júbilo.
Таңдаулы астықпен оны тойындырады,
Шекараңа бейбітшілік орнатады.
Шығаршы мені жау құпия құрған тордан,
Себебі Сен берік қорғансың маған.
Құдайдың бар халықтарға жүргізетін билігі
(Ән-күйдің жетекшісіне арналған Қорах ұрпақтарының жыры.)
Уа, Құдай, жүрегім Саған сенімді,
Өзіңе арнаймын мен ән-күйімді.
Иеміз адамзатқа әділ үкім айтады,
Халықтарға ақиқат шешім шығарады.
Құдайдың салтанатты ұлылығын
Аспан әлемі ашық паш етеді,
Оның қолының керемет істерін
Әуе кеңістігі де көрсетеді,
Paz e descanso
Jesus disse: 'Vinde a mim, todos os cansados e sobrecarregados, e eu vos aliviarei.' A paz de Deus que excede todo entendimento guarda o coração.
Қиналып қатты шаршап-шалдыққандар,
Еңселерін тым ауыр жүк басқандар,
Менің қасыма келіңдер, бәрің,
Жандарыңды Мен рақатқа бөлеймін!
Қиналып қатты шаршап-шалдыққандар,
Еңселерін тым ауыр жүк басқандар,
Менің қасыма келіңдер, бәрің,
Жандарыңды Мен рақатқа бөлеймін!
Қамытымды бірге киісіп, үйреніңдер Өзімнен,
Өйткені жуас, кішіпейілмін шын жүректен,
Тыныштық табады сонда көңілдерің.
Күнәларына өкініп қайғырғандар бақытты:
Құдай оларды жұбататын болады!
Мен сендерге амандық пен тыныштық сыйлаймын, Өзімнің тыныштығымды беремін. Менің беретінім осы дүниенің беретін өткінші тыныштығы сияқты емес, сондықтан көңілдерің қобалжып, қорықпаңдар.
Мен бұларды сендер Менімен тығыз байланыста тұрып, тыныштыққа кенелсін деп айттым. Күнәкар дүниеде қысымшылық көресіңдер; алайда батыл болыңдар: Мен осы дүниені жеңіп шықтым!
Сендер де қазір солай қайғылысыңдар. Бірақ Мен сендерді қайта көремін, сонда қатты қуанасыңдар, қуаныштарыңды ешкім тартып ала алмайды.
Еш нәрсені уайымдамай, барлық жағдайда өтініштеріңді Құдайға сиынып тілекпен және шүкірлікпен білдіріңдер!
Сонда Құдайдың адам ақылынан асқан керемет тыныштығы сендердің жүректерің мен ой-саналарыңды Мәсіх Исада сақтайды.
Esperança eterna
Deus enxugará toda lágrima. A dor presente é momentânea, mas a glória futura é eterna. O Senhor transforma luto em dança.
Көктегі тақтан былай деген зор дауысты естідім: «Қараңдар, Құдайдың адамдар арасындағы тұрағы! Ол солармен бірге тұрып, олар Оның халқы болмақ. Осылай Құдайдың Өзі солармен бірге мекендеп, олардың Құдайы болады! Ол барлық көз жастарын сүртіп тастап жұбатады. Енді қайтып өлім, жоқтау, зар еңіреу мен ауру болмайды. Себебі бұрынғы әлем құрып, жоқ болды».
Сонда тақта Отырған:
— Енді бәрін де жаңадан жаратамын, — деді. Ал маған қарап: — Мұны жазып қой, бұл сөздер сенуге тұрарлық шынайы! — деп қосты.
Үмітіміздің бастауы — Құдай қандай жағдайда да бәріңді қуаныш пен тыныштыққа кенелте көрсін! Өздерің Оған сене отырып, Киелі Рухтың құдіретімен үміттерің молая түссін!
Бұл күнәкар дүниенің өмір сүру салтын үлгі етпеңдер, қайта, ой-тілектерің Құдайдың жаңартуымен түбегейлі өзгерсін! Осылай сендер Оның еркін — ненің игілікті, ұнамды және кемелді екенін ажырата білетін боласыңдар.
Қорықпа, Мен саған жар боламын,
Абыржыма, Мен сенің Құдайыңмын!
Саған қуат беріп көмектесемін,
Жеңімпаз қолыммен сүйемелдеймін.
Азап шеккендерге ізгі хабар
— Маған Жаратушы Тәңір Ие Өзінің Рухын қондырды. Жаратқан Ие мені жарлыларға ізгі хабар жеткізуге және жаралы жүректерді жұбатып орнықтыруға тағайындады, сондай-ақ тұтқындарға босатылатындарын, бұғаудағыларға азат болатындарын жар салуға жіберді. Мені Құдай Иеміз Өзінің кешірім беретін мейірімділік жылын әрі жауларына лайықты жазаларын тартқызатын кезін жариялауға жұмсап, қайғырып жүргендердің бәрін жұбатуға да жіберді. Маған Сион қаласындағы жоқтап жүргендердің бастарына шашқан күл орнына әшекейлі тәж кигізіп, жұпар иісмай жағып, қайғыларын қуанышпен алмастыруды тапсырды. Үміттері үзіліп, көңілдерін мұң шалғандар енді мадақтау әндерін шырқап, шаттыққа бөленетін болады.
Сонда олар «Жаратқан Иенің Өзі отырғызған мықты ағаштары» деп аталады, әрі Оның алдында ақталған, әділдік істеп, салтанатты ұлылығын паш ететін халқы болады.
Шешесінің бөбегін жұбатқанындай, Мен де сендерді жұбатпақпын. Иерусалимде жұбаныш табасыңдар.
Nunca sozinhos
Deus nunca nos abandona. Ele está ao nosso lado em cada vale, segura nossa mão e promete que o choro não durará para sempre.
Жаратқан Иенің Өзі алдыңда жүріп саған жар болады. Ол сені ешқашан тастап та кетпейді, жалғыз да қалдырмайды. Еш нәрседен уайымдап, қорқушы болма!»
Ақшақұмар болмай өмір сүріп, қолдағы барды қанағат тұтыңдар! Құдай: «Мен сені ешқашан тастап та кетпеймін, жалғыз да қалдырмаймын», — деген ғой.
Жаратқан Ие ізгі, басыңа қиындық түскен кезде Ол паналайтын қорғаның болады. Өзіне сенім артқандарды Ол жақыннан танып біледі.
Құдайың Жаратқан Ие араңда тұр! Ол — батыр іспетті құдіретті Құтқарушы саған қатты шаттанады, сүйіспеншілігімен сені тыншытып, саған қуанып мерекелейді».
Өйткені сендерге деген ниетім Өзіме аян: сендерге қасірет емес, амандық пен тыныштық бұйырып, болашақ пен үміт сыйлайтын ниетім бар, — деп нық айтады Жаратқан Ие. —
Сонымен, біреу Мәсіхпен тығыз байланыста болса, сол — жаңадан жаратылған адам. Ескі өмірі өтіп кетіп, міне, жаңасы пайда болды!
Сонымен, Құдайдың еркі бойынша азап шегіп жүрген сендер, жандарыңды әрдайым уәдесін орындайтын Жаратушыға сеніп тапсырыңдар, әрі игі істер жасай беріңдер!
Сонымен, Құдайдың құдіретті қолының астына бой ұсыныңдар; Өзі белгілеген уақыты жеткенде Ол сендерді жоғарылатпақ. Барлық уайымдарыңды Құдайға сеніп тапсырыңдар, себебі Ол қамдарыңды ойлайды!
Бұл тек қолы мен жүрегі таза жанға болады,
Жат тәңірге табынбай, жалған айтпайтынға болады.
Соларға жасаған қылмыстарына сай,
Істеген зұлым істеріне қарай
Тиісті жазаларын тартқыза гөр,
Лайықты қарымтасын қайтара гөр.
Иеміздің істерін олар елемейді,
Оның жаратқандарын құрметтемейді,
Сондықтан Ол соларды талқандайды,
Енді қайтып оларды көтермейді.
Құдай кішіпейілдерді жоғарылатып, қайғырғандарға құтқарылу сыйлайды.
Иса былай деп жауап қатты:
— Сендерге шындығын айтайын: үй-жайын, бауырларын, әке-шешесін, әйелін, бала-шағасын не жер-суын Маған және Ізгі хабарға бола қалдырған әркімге сол үшін осы заманда қуғын-сүргін көргеннің өзінде де үй-жай, аға-іні, апа-қарындас (не әпке-сіңлі), әке-шеше, бала-шаға, жер-су жүз есе артығымен қайтарылады, әрі келер заманда ол мәңгілік өмірге ие болады.
Мен көктегі Әкемнен сендермен мәңгі бірге болатын Қамқоршыны жіберуін өтінемін, Ол — шындықты білдіретін Киелі Рух. Осы күнәкар дүние Киелі Рухты қабылдай алмайды, себебі Оны көрмейді әрі білмейді. Ал сендер Оны білесіңдер, өйткені Киелі Рух сендермен бірге тұрып, жан дүниелеріңнен орын алады.
Мен сендерді жетімсіретпей, өздеріңе қайтып келемін.
Este artigo te tocou? Faça uma oração!
+581 estão orando agora.
Junte-se à corrente de oração.