Sabedoria
A sabedoria é um dos temas mais ricos da Bíblia. O temor do Senhor é seu princípio, e buscá-la vale mais que ouro ou prata. Deus promete dar sabedoria generosamente a quem pedir com fé.
O princípio da sabedoria
O temor do Senhor é o início de toda sabedoria verdadeira. Quem reverencia a Deus aprende a viver com discernimento e prudência.
Білімнің бастауы
Білімнің бастауы — Жаратқан Иені
Терең қастерлеп, Оған мойынсұну.
Ал Құдайдан безген надандар болса,
Елемейді даналық пен тәрбиені.
Даналықтың бастауы — Жаратқан Иені
Терең қастерлеп, Оған мойынсұну,
Һәм ақыл-парасат — Киелі Құдайды
Және Оның еркін жақыннан тану.
Жаратқанды шын қастерлеу даналыққа үйретер
Және кішіпейіл жанның абыройы өсер.
Ал зұлым жан мұны көріп, абыржиды,
Тісін қайрап, қалжырап қажиды,
Зұлымдардың аңсағаны құриды.
Ал даналықты қайдан табуға болады?
Шынайы парасат қай жерде тұрады?
Оның құнын пенде жете ұқпайды,
Бұ дүниеден оны таба алмайды.
Терең тұңғиық: «Ол менде емес!» дейді,
Теңіз де: «Менде ол жоқ!» деп мәлімдейді.
Саф алтынға оны сатып ала алмайсың,
Құнын күміспен төлей де алмайсың.
Не Опырдан әкелінген алтынменен,
Не оникс тас, не көк асыл таспенен
Оның бағасын айқындай алмайсың сен.
Даналықты алтын, гауһармен салыстырмас,
Саф алтын бұйымға оны сатып ала алмас.
Інжу-маржанды ескермей-ақ қойса болады,
Даналық лағыл тастардан да тым бағалы!
Құштық топазды даналықпен салыстырмайды,
Саф алтынмен оны айырбастамайды.
Сонда даналық қайдан келеді екен?
Парасаттың мекені қайда екен?
Ол тірі жандының бәрінен жасырынған,
Құстардың назарынан да тыс қалған.
О дүние мен өлім былай дер ол жайлы:
«Тек сыбыс қана естідік сол туралы».
Sabedoria como dom de Deus
A verdadeira sabedoria vem do alto. Deus a concede generosamente a quem pede com fé, sem lançar em rosto a fraqueza humana.
Ал егер кейбіреулерің даналыққа мұқтаж болсаңдар, Құдайдан сұраңдар, Ол береді. Тәңір Иеміз еш жазғырмай-ақ бәріне жомарттықпен бере салады.
Ал егер кейбіреулерің даналыққа мұқтаж болсаңдар, Құдайдан сұраңдар, Ол береді. Тәңір Иеміз еш жазғырмай-ақ бәріне жомарттықпен бере салады.
Ал егер кейбіреулерің даналыққа мұқтаж болсаңдар, Құдайдан сұраңдар, Ол береді. Тәңір Иеміз еш жазғырмай-ақ бәріне жомарттықпен бере салады.
Себебі Жаратушы даналық сыйлар,
Білім мен түсінік Оның аузынан шығар,
Себебі Жаратушы даналық сыйлар,
Білім мен түсінік Оның аузынан шығар,
Егер де білім мен парасатты шақырсаң,
Сонда Жаратқан Иені қастерлеуді ұғарсың,
Құдай жайлы білімді иемденіп аларсың.
Алғыс айтып, Сені мақтаймын ұдайы,
Уа, ата-бабаларым сиынған Құдайы!
Даналық пен күшке Сен қолымды жеткіздің,
Сұрағанымызды маған ашып бердің,
Патшаның талап еткенін бізге білдірдің!»
былай деді:
«Мәңгі мадақталсын Құдайдың есімі,
Ол — бар даналық пен құдіреттің Иесі!
Жаңағы төрт жасөспірімге Құдай білім және әдебиет пен даналықтың барлық жағын да үйренуге зеректік сыйлады. Ал Даниял оның үстіне әр түрлі аяндар мен түстердің мағынасын түсінетін ерекше дарынға да ие болды.
A sabedoria do alto
A sabedoria que vem de Deus é pura, pacífica, amável, cheia de misericórdia e de bons frutos. Ela se opõe à sabedoria terrena e mundana.
Көктен келген даналық адамды ең алдымен пәк таза қылады, содан кейін оны ынтымақшыл, төзімді, ымырашыл, қайырым мен игі істер жасағыш, ешкімді алаламайтын әділ қылып, екіжүзділіктен арылтады.
Көктен келген даналық адамды ең алдымен пәк таза қылады, содан кейін оны ынтымақшыл, төзімді, ымырашыл, қайырым мен игі істер жасағыш, ешкімді алаламайтын әділ қылып, екіжүзділіктен арылтады.
Көктен келген даналық адамды ең алдымен пәк таза қылады, содан кейін оны ынтымақшыл, төзімді, ымырашыл, қайырым мен игі істер жасағыш, ешкімді алаламайтын әділ қылып, екіжүзділіктен арылтады.
Шынайы даналық жанжалға бастамайды
Араларыңдағы қайсың парасатты да саналысың? Сондай адам онысын үлгілі мінез-құлқымен, парасатты инабаттылығымен көрсетсін.
Киелі Рух сыйлайтын шынайы даналық
Дегенмен, біз рухани жетілгендерге даналық туралы хабарды уағыздай береміз. Ал бұл даналық осы күнәкар дүниенікі емес, сондай-ақ, осы дүниелік билеушілердікі де емес; солар — болашақта құрып кететіндер. Керісінше, жариялап жүргеніміз — Құдайдың құпия даналығы, бұл адамзаттың көзінен таса болып келді. Ал Құдай оны біздің ұлылыққа ие болуымыз үшін әлемді жаратпастан бұрын-ақ белгілеп қойған болатын.
Бірақ біз Мәсіхті айқышқа шегеленіп, жанын құрбан етті деп жариялаймыз. Бұл хабар яһудилерге жек көрінішті, ал басқа ұлттық адамдарға ақымақтық болып көрінеді.Алайда яһудилер мен басқа халықтардан шақырылғандар Мәсіхті «Құдайдың құдіреті мен даналығы» деп түсінеді. Адамдар «ақымақтық» дейтін Құдайдың құтқару жолы пенденің даналығынан әлдеқайда жоғары және Құдайдың «әлсіздігі» (яғни Мәсіхтің айқышта жанын қиюы) пенденің күш-қуатынан әлдеқайда күшті.
Ешкім өзін-өзі алдамасын! Араларыңдағы қайсыбіреуің данамын деп ойласа, ол күнәкар дүниенің пікірінше «ақымақ» болып Мәсіхтің ілімін ұстансын; сонда ол Құдайдың даналығына ие бола алады!
Ешкім өзін-өзі алдамасын! Араларыңдағы қайсыбіреуің данамын деп ойласа, ол күнәкар дүниенің пікірінше «ақымақ» болып Мәсіхтің ілімін ұстансын; сонда ол Құдайдың даналығына ие бола алады!
Күресімнің мақсаты — сендердің жүректеріңнің жігерленіп, сүйіспеншілікпен рухани бірлесулерің, сөйтіп Құдай Әкеміздің Мәсіх туралы құпия хабары жөнінде терең де бай түсінік алып, оны түгел тануларың. Ал Мәсіхте Құдайдың даналығы мен білімінің бүкіл қазынасы жатыр.
Direção e discernimento
Deus guia os humildes na justiça e ensina seu caminho aos mansos. Ele promete dirigir nossos passos quando confiamos nele de todo o coração.
Өз ақыл-санаңа сүйеніп жүрме,
Сенім арт шын жүректен Жаратқан Иеңе.
Бар жағдайда да мойында Тәңір Иеңді,
Сонда Ол тура жолмен жетелер сені.
Паңданып өзіңді «данышпанмын» деп ойлама,
Иеңді шын қастерле, зұлымдыққа жолама,
Күллі жер Жаратқан Иені қастерлесін,
Әлемнің бар халқы Оны құрметтесін,
Күнәкарлармен бірге жанымды алма,
Қанішерлермен бірге өмірімді құртпа.
Өтірікшілермен бірге отырмаймын,
Зымияндармен де бірге жүрмеймін.
Арамзалар жиынын еш жаратпаймын,
Зұлымдармен ешқашан отырмаймын.
Асыға гөр маған көмек беруге,
Құтқарушым менің, уа, Жаратқан Ие.
Өтірікке лық толған өз ауыздары,
Алдамшы да олардың берген анттары.
Патшаларға Сен жеңісті сыйлайсың,
Қызметшің Дәуітті аман сақтайсың.
Ажалды семсерден мені құтқаршы,
Жат жұрттың қолынан азат қылшы,
Өтірікке лық толған өз ауыздары,
Алдамшы да олардың берген анттары.
A Palavra como fonte de sabedoria
A Palavra de Deus é lâmpada para os pés e luz para o caminho. Meditar nas Escrituras nos dá entendimento superior ao dos mestres.
Беташар жыр: шынымен бақытты адам
Мынадай адам шынымен бақытты:
Ол құдайсыздар кеңесіне бармайды,
Күнәкарлар жолымен де жүрмейді,
Мазақтаушылармен бірге отырмайды.
Қайта, ол Жаратқанның тәліміне қуанады,
Күні-түні сол туралы ойланады.
Мәсіх туралы Ізгі хабарға көңілдеріңнен мол орын беріңдер: Забур жырлары, мадақтау өлеңдері және Киелі Рух дарытқан басқа да әндер арқылы бір-біріңе зор парасатпен тәлім-тәрбие және бағыт-бағдар беріңдер. Жүректерің ризашылыққа кенеліп, Құдай Иемізге арнап ән айтып отырыңдар!
Жүргенде олар тура жолды нұсқар,
Ұйықтасаң күзетіп, қорғап жатар,
Оянғанда саған ақыл айтар.
Sabedoria prática para o dia a dia
A sabedoria se aplica em cada decisão: nas finanças, nos relacionamentos, no trabalho e no uso do tempo. Vivamos como sábios, não como insensatos.
Сонымен парасатсыз емес, ақыл-парасатпен өмір сүруге ерекше ден қойыңдар: жақсылық жасауға әр мүмкіндікті пайдаланыңдар, себебі қазіргі күндер зұлымдыққа толы.
Сонымен парасатсыз емес, ақыл-парасатпен өмір сүруге ерекше ден қойыңдар: жақсылық жасауға әр мүмкіндікті пайдаланыңдар, себебі қазіргі күндер зұлымдыққа толы.
Ақылды тыңдап, нақылға бағын,
Алдағы кезде дана боларсың.
Ақылды тыңдап, нақылға бағын,
Алдағы кезде дана боларсың.
Парасатқа иемденуші өз жанын ұнатар,
Естілікке мән беруші игілік табар.
Ақылдасқан іс берік тұр,
Соғысар алдында кеңес құр.
Соғысты ақыл-кеңеспен басқар,
Кеңесшісі көп жеңіп шығар.
22
Түсінігі мол — ұстамды жанның,
Ақымақтығы аян — ашушаңның.
Менмендік дау-жанжал туғызар,
Даналық ақылдасқандарда болар.
Аузына ие болған өмірін сақтар,
Аузын айқара ашқан пәлеге ұшырар.
Ақымақ жүрген жолым тура дер,
Дана жан кеңеске құлақ түрер.
Менмендікке масқара серік,
Кішіпейілге даналық серік.
Дана жан нұсқауды жылы қабылдар,
Надан өз сөзінен сүрініп құлар.
Зерделінің санасы білімді иемденер,
Дананың құлағы білімді іздей берер.
Ақымақ парасатты жек көрер,
Өз ойын білдіруді жақсы көрер.
Үндемесе тіпті наданды саналы дер,
Аузына ие болса, ол дана болып көрінер.
Саналы жан тыңдап, ақыл-кеңес табады,
Дана жан біліміне білім қосады,
Қауымнан тыс адамдармен парасатты қарым-қатынас жасап, тиімді сәттерді пайдаланыңдар! Сөйлескенде ұдайы ниеттерің игі, сөздерің дәмді болсын, әрқайсысына қалай жауап беру керек екенін біліңдер.
Қауымнан тыс адамдармен парасатты қарым-қатынас жасап, тиімді сәттерді пайдаланыңдар! Сөйлескенде ұдайы ниеттерің игі, сөздерің дәмді болсын, әрқайсысына қалай жауап беру керек екенін біліңдер.
Қандай жұмыс болса да, оны адам баласы үшін ғана емес, Иеміз үшін істеп жүргендей жан-тәндеріңмен атқарыңдар! Себебі осының ақысы ретінде сендер Иемізден Оның уәде еткен игіліктерін қабылдайтындарыңды білесіңдер. Қызмет ететін Қожайындарың — Мәсіхтің Өзі ғой.
O valor da sabedoria
A sabedoria é mais preciosa que rubis. Quem a encontra, encontra a vida e alcança o favor do Senhor. Nada se compara a ela.
Даналық әлдеқайда құнды асыл тастан
Қандай бақытты даналықты тапқан адам,
Ақыл-парасатты иемденген әрбір жан!
Өйткені мені тапқан шынайы өмір табады,
Жаратқан Иенің ризашылығын алады.
Ақылдыға естілік — өмір бұлағы
Даналық иемденгенің алтыннан да құнды,
Естілік иемденгенің саф күмістен тиімді.
Жүрер жолын адам жүрегінде жоспарлар,
Ал оның қадамдарын Жаратқан Ие бағыттар.
Әділдік пен ынтымақты Жаратқан Ие жақтырар
Адам жүрегінде жоспар құрар,
Ал соның жауабы Жаратқаннан болар.
Себебі ақшасы адамды қорғайтынындай, даналық та оны қорғар. Ал даналықтың бір артықшылығы: ол иесінің өмірін сақтап қалар».
«Неліктен өткен заман қазіргіден артық?» деп шағымданба! Өйткені осындай сауал қойғаның даналық емес.
Өзін риза ететін адамға Құдай даналық, білім және қуаныш сыйлайды. Ал теріс жолмен жүретін күнәкарға Ол байлық жинап, сақтап қою уайымын тапсырады. Бірақ күнәкар соларын Құдайды риза еткен адамға қалдырып кетуге мәжбүр болады. Мұндай өмір шынында жел соңынан қуғандай бекершілік.
Қандай істі қолға алсаң да, соны жан сала істе! Себебі о дүниеге аттанған соң, онда не жұмыс істеу, не ойлап жоспарлау, не білім мен ғылым деген атымен жоқ екен.
A sabedoria e a soberania de Deus
Os caminhos de Deus são mais altos que os nossos. Sua sabedoria é insondável, eterna e infinitamente superior ao entendimento humano.
— Аспанның жерден қаншама жоғары болатынындай, Менің жолым да сендердікінен соншама жоғары, Менің ойым да пікірлеріңнен тым биік.
Жаратқан Ие: «Менің ойым сендердің пікірлеріңнен өзге, Менің жолым сендердікінен басқа, — деп ескертеді.
Сен мынаны естіп, білмеуші ме едің:
Мәңгілік Құдай — сенің Жаратқан Иең,
Шексіз зор даналығы Өзінің,
Ол жаратты жердің түкпір-түкпірін!
Ешқашан Құдай шаршап-шалдықпайды,
Сен мынаны естіп, білмеуші ме едің:
Мәңгілік Құдай — сенің Жаратқан Иең,
Шексіз зор даналығы Өзінің,
Ол жаратты жердің түкпір-түкпірін!
Ешқашан Құдай шаршап-шалдықпайды,
Құдайға түгелдей мойынсұнған Қызметшісінің қорлық көруі әрі ақталуы
«Маған Жаратушы Тәңір Иенің Өзі тәлім беріп, қажығандарды жігерлендіру үшін не айту керегін аузыма салып отыр. Күн сайын ертеңгісін Ол мені оятып, айтқандарына шәкірттей құлақ салғызады.
Мысырға емес, Құдайға сенім арту қажет
Мысырға ылдилап барып, көмек сұрағандар қасіретке қалады! Олар Мысырдың көптеген аттары мен соғыс күймелеріне әрі сондай мықты салт аттыларына сенім артады, ал Исраилдің Киелі Құдайы — Жаратқан Иеге бет бұрып сиынбайды. Бірақ Жаратқан Ие Өзінің зор даналығымен оларға апат жібермек. Ол айтқан сөзінен таймайды, әрі зұлымдық істеуші елге, әділетсіздік жасайтындарды қолдағандарға қарсы шығатын болады.
Бұл даналық та Әлемнің Иесінен келеді. Оның ақыл-кеңесі керемет, даналығы ғаламат!
Осы патшаға Жаратқан Иенің Рухы қонып, оған даналық пен парасат, ақыл-кеңес пен құдірет, білімділік және Жаратқан Иені терең қастерлеуді дарытады. Өзі Жаратқан Иеге мойынсұнып, Оны терең қастерлеуден қуаныш табады.
Патша тек көрген сырт пішінге, ұзын құлақтан естігеніне ғана сүйеніп үкім шығармайды.
Мен, Жаратқан Ие, сендерді әрқашан жетелеп жүремін, шөл далада да қажеттеріңмен қамтамасыз етіп, денелеріңе қуат беремін. Осылай сендер суы мол баққа, ешқашан сарқылмайтын бұлаққа ұқсайтын боласыңдар.
О, неткен бай Құдайдың даналығы,
Неткен терең Оның білік-парасаты;
Шешімдеріне адам ақылы жетпес,
Жолдарын Оның ешкім зерттеп бітпес!
Құдайдың сүйіспеншілігінен бізді еш нәрсе ажырата алмайды
Тағы да мынаны білеміз: барлық жағдайларда Құдай Өзін сүйетіндердің игілігі үшін әрекет етеді, себебі Ол бізді өз мақсатына сай таңдап алды.
Жаратқан Ие сонда халқын өсімтал етті,
Оның санын дұшпанынан басым етті,
Жаратқан қарды мамықтай жаяды,
Қырауды да күлдей жерге шашады,
Сен аяғыңды тасқа соғып алмауың үшін
Қолдарына көтеріп сені алып жүреді.
Қаһарыңнан денемде сау жерім жоқ,
Күнәмнан жан-тәнімде тыныштық жоқ.
Ал мен мол рақымыңның арқасында
Өзіңнің киелі үйіңе кіремін,
Қасиетті ғибадатханаңның алдында
Өзіңді терең қастерлеп бас иемін.
Соңымнан қуып олар қоршап алады,
Жерге ұрып-соғу үшін қарайды қырағы,
Олар қуаныштан жылап, Маған мінажат етеді; Өзім оларды өзен бойымен бастап, тегіс жолдармен сүріндірмей алып жүремін. Өйткені Мен Исраилдің рухани Әкесімін, әрі Ефрем — Менің тұңғышым іспетті».
Еремияның мінажаты
«Уа, Жаратқан Ие, адамның өмір жолы өз еркінде еместігін білемін. Адамның өз жүретін жолын өздігінен бағыттауына болмайды.
Ал Жасаған Ие жерді өз құдіретімен жаратып, дүниені даналығымен орнатып, аспан кеңістігін ақыл-парасатымен жайып жіберді.
Басқа сені мақтасын, өз аузың емес
Мақтанба ертеңгі күніңмен,
Сол күннің не әкелерін білмейсің сен.
Зұлым жан әділдікті ұғынбас,
Жаратқанға бет бұрған оны толықтай ұғынар.
Ал Тәңір Иеміз бізге әсер ететін Өзінің құдіреті арқылы біз сұрағаннан немесе ойлағаннан әлдеқайда көп нәрселерді істей алады. Оның даңқы қауымда Мәсіх Иса арқылы ұрпақтан ұрпаққа жетіп, мәңгілік арта берсін! Аумин.
Әркімнің өзін сынап, түзелуін ескерту
Сонымен сендерге үшінші рет бармақпын. «Әрбір іс ең кем дегенде екі не үш куәгердің айтқандарымен дәлелденуі керек» (деп Тауратта жазылғандай, мәселелеріңді қайтадан дұрыстап тексермекпін).
Расында Құдайдың сендерді Өзінің рухани балалары деп атаған мынадай ескертпесін ұмыттыңдар ма:
«Балам, Тәңір сені тәрбиелегенде
Онысын ешқашан менсінбей жүрме,
Ол сені жөнге келтіргенде,
Лайым еңсең түсіп жүнжіме!
Иеміз Өзі сүйетін әркімді
Түзетеді әрі тәрбиелейді,
Бауырына басқан әр баласын да
Жазалайды қажет болғанда».
Сонымен, бауырластарым, күллі шынайы да қастерлі, әділ де таза, ұнамды да тартымды нәрселер, яғни қандай да адамгершілік және мақтауға тұрарлық қасиет болмасын, солар туралы ойлана беріңдер!
Сонымен, ертеңгі күн туралы уайымға салынбаңдар! Ертеңгі күннің өз уайымдары болады. Әр күннің қиыншылығы өзіне жетерлік.
Ежелгі Оңтүстік Арабияның патшайымы да қиямет күні осы ұрпақпен бірге сот алдында тұрып, оның қиқарлығын әшкерелейді. Себебі патшайым Сүлеймен патшаның даналық сөздерін тыңдау үшін жердің қиыр шетінен келді. Ал мұнда Сүлеймен патшадан да мәртебесі зор Біреу бар! (Алайда сендер Маған құлақ аспайсыңдар!)
Таудағы уағыздың соңы: Берік негіз бен осал негіз
Осы айтқандарымды тыңдап, оларды орындаған әркім үйін берік тастың үстіне қалап салған көреген адамға ұқсас болады.
Себебі Мен сендерге жауларың қарсы сөйлеп, дәлел келтіре алмайтындай шешендік пен даналық дарытатын боламын.
Сырт көрінісіне ғана қарамай, әділ шешіңдер!
Жердің негізін Жаратқан Ие салды даналықпен,
Аспанды мықтап орнатты ақыл-парасатпен.
«Даналық қарияларда, парасат көп жасағандарда» дейді.
Ал нағыз даналық пен құдірет тек Құдайда, дана ақыл-кеңес пен парасат та Оның Өзінде.
Әйүптің Құдаймен пікірталасудың бекерлігіне шағымдануы
Әйүп бұған былай деп жауап қатты:
— Рас, бұның солай екенін өзім де білемін. Бірақ Құдайдың алдында пенде қалайша ақтала алар еді?Тіпті Онымен пікірталасқа біреу шықса да, Құдайдың қойған мың сұрағының біреуіне де жауап бере алмас еді.
Тәңір Иенің даналығы терең, құдіреті ғаламат зор. Оған қарсы шығып, содан аман қалған кім бар?
— Уа, адам, Жаратқан Ие саған ненің игілікті екенін білдірген еді. Ол сенен нені талап етеді? Әділ істер істеп, мейірімділікті ұнатуыңды, әрі сиынатын Құдайыңмен тығыз байланыста болып кішіпейіл жүруіңді талап етеді емес пе?!
оларға былай деп бұйырды: «Істейтін істеріңе мұқият көңіл бөліп жүріңдер! Себебі адамның емес, Жаратқан Иенің атынан төрелік етесіңдер. Сендер үкім шығарған кезде Жаратқан Ие қастарыңда болады.
сендер тіпті күні ертең не болатынын білмейсіңдер! Өмірлерің неге ұқсас? Ол әншейін аз уақытқа көрініп, кейін ғайып болатын бу іспетті емес пе?
Este artigo te tocou? Faça uma oração!
+581 estão orando agora.
Junte-se à corrente de oração.