11 Уа, Жаратқан Ие, Саған тән — ұлылық,
Құдірет, салтанат, жеңіс пен нұрлылық!29:11 Яки: нұрлы сұлулық, сән-салтанат (Әйүп 37:22; 40:10; Жыр 95:6; Мыс 40:34-35).
Меншігің — көк пен жердегілер барлық!
Һәм Сенікі, уа, Иеміз, патшалық
Әрі баршаға деген басшылық!