Ябестің мінажаты
9 (Яһуда руында) Ябес есімді адам болды. Ол өз ағайындары арасында көбірек құрметтелетін. Ал анасы: «Мен оны азаппен қиналып босандым», — деп, оның атын Ябес4:9 Түпнұсқада осы есім «азап» сөзі сияқты естіледі (4:10). деп қойған еді.
10 Ябес Исраил сиынған Құдайға4:10 Жар 32:28; 33:20. былай деп мінажат етті: «Мені жарылқап, тиесілі жерімнің көлемін кеңейтсең екен! Құдіретті қолыңмен маған жар бола гөр. Азапқа ұшырататын жамандықтан аулақ сақтай гөр!» Сонда Құдай Ябеске сұрағанын берді.4:10 Жар 1:28; 12:2; 21:22; 32:26; Жыр 15:1,5,8,10-11; 17:36-37; 62:7-9; 107:6-10; 118:173-176; 137:6-8; 138:5.