Pular para o conteúdo
Publicidade

Қолостықт. хат 4

1 Қожайындар, қызметшілеріңді4:1 Яки: құлдарыңды (3:22; Еф 6:9). тиісті нәрселермен қамтамасыз етіп, әділ болыңдар! Өйткені көкте сендердің де Қожайындарыңның бар екенін білесіңдер.

Мінажат ету және сенбейтіндермен қарым-қатынас жасау туралы

2 Әрдайым Құдайға сиынып, рухани сергек те шыдамды болып, шүкірлік ете беріңдер! 3 Біз үшін де мінажат етіңдер: Құдай өз хабарын уағыздауымызға жол аша көрсін, осылай Мәсіх туралы құпияны жариялай алайық. Сол үшін де бұғауда отырмын. 4 Менің тиісті түрде бұл хабарды ашық айта алуым үшін де Құдайға сиыныңдар.

5 Қауымнан тыс адамдармен парасатты қарым-қатынас жасап, тиімді сәттерді пайдаланыңдар! 6 Сөйлескенде ұдайы ниеттерің игі, сөздерің дәмді болсын, әрқайсысына қалай жауап беру керек екенін біліңдер.

Соңғы сәлемдер және ақ бата

7 Адал көмекшім әрі Иемізге бірге қызмет етуші, сүйікті бауырласымыз Түхік4:7 Елш 20:4; Тім2 4:12; Тит 3:12. сендерге мен туралы бәрін хабарламақ. 8 Оны сол мақсатпен жіберіп отырмын, ол жағдайларыңның қалай екенін көріп, жүректеріңді жігерлендірмек. 9 Онымен бірге сүйікті де адал бауырласымыз әрі сендердің жерлестерің — Онисым4:9 Флм 1:10-12,16. да барады. Бұл жердегі болып жатқан жағдайды Түхік екеуі сендерге толық айтып береді.

10 Менімен бірге тұтқында отырған Арыстарқ,4:10 Елш 19:29; 20:4; 27:2; Флм 1:24. сондай-ақ Барнабаның жиен інісі Марқа4:10 Елш 12:12; 13:5,13; 15:37-39; Пет1 5:13; Тім2 4:11. сендерге сәлем жолдайды. Марқа жайлы ерекше нұсқау алдыңдар: ол сендерге барса, жылы қабылдаңдар! 11 Иуст деп аталатын Иса да сәлем айтады. Яһудилердің ішіндегі осы үшеуі ғана Құдай Патшалығы үшін қызметтестерім болып жүр; бұлар маған нағыз жұбаныш.

12 Мәсіх Исаның қызметшісі әрі сендердің жерлестерің — Епафрас4:12 1:7; Флм 1:23. та сәлем айтып отыр. Ол сендердің рухани жағынан жетіліп,4:12 Жақ 1:4. берік сеніммен Құдайдың бүкіл еркін орындауларың үшін үздіксіз мінажат етіп күресуде. 13 Оның сендерді және Лаудіки4:13 2:1; 4:15-16; Аян 1:11; 3:14-18. мен Иераполдағы бауырластарды қатты уайымдап жүргеніне куәмін. 14 Сүйікті дәрігер Лұқа да, Димас4:14 Тім2 4:10-11; Флм 1:24; Лұқа жазған Ізгі хабардың және Елшілердің істерінде берілген мәліметті де қараңыз. та сәлем жолдайды.

15 Лаудікидегі бауырластарымызға, әсіресе Нүмфан мен оның үйінде жиналатын қауымға, сәлем айтыңдар. 16 Сендер осы хатты оқып болған соң, оны әрі қарай Лаудікидегі қауымға беріңдер, оларға жазған хатымды да оқыңдар. 17 Арқыпқа: «Иеміз саған міндеттеген қызметіңді адал атқаруға ықылас сал!» деген сәлемімізді жеткізіңдер.

18 Енді мен, Пауыл, сендерге өз қолыммен сәлем жазып отырмын. Бұғауда екенімді естеріңде ұстаңдар! Лайым Құдай сендерге жар болып, рақымын жаудыра көрсін! (Аумин.)

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também

Colossenses
Ver todos os capítulos de Colossenses