Өз уақыты бар әр нәрсенің
1 Өз уақыты бар әр нәрсенің,
Осы дүниеде3:1 Яки: Аспан астында (1:3,13). істелінетін
Әр істің мезгілі бар өзінің.
2 Өз уақыттары бар туудың әрі қайтыс болудың,
Тұқым себудің әрі тамырымен жұлудың.3:2 Яғни өмірдегі құбылмалы жайттарға пенденің билігі жүрмейді (Пат1 2:5; Әйүп 14:5; Ерм 1:10; 18:7-10).
3 Өз мезгілдері бар өлтірудің әрі сауықтырудың,
Бұзудың әрі қайта тұрғызудың.
4 Өз кезеңдері бар қайғырып жылаудың әрі күлудің,
Жоқтау айтудың әрі би билеудің.
5 Өз мезгілдері бар тас лақтырудың әрі оларды жинаудың,3:5 Мыс 21:28-29; Леу 20:27; Еш 4:3-9; 10:27; Пат2 18:17-18; Пат4 3:25; Иш 62:10.
Құшақтасудың әрі содан жалтарудың.
6 Өз кездері бар іздеп жүрудің әрі жоғалтудың,
Сақтаудың әрі лақтырып тастаудың.
7 Өз уақыттары бар жыртудың әрі тігіп жөндеудің,
Үндемеудің әрі сөйлеудің.
8 Өз кездері бар сүюдің әрі жек көрудің,
Соғысудың әрі татуласудың.