Пайғамбардың апаттан құтқарылып, Жаратқан Иені мадақтауы
1 2:1 Кейбір аудармаларда бұл аят 1:17 болып берілген және осы тараудың кейінгі аяттары бір сан төмен. Жаратқан Иенің бұйрығымен бір үлкен балық Жүністі жұтып қойды. Ол соның ішінде үш күн, үш түн бойы жатты.
2 Жүніс балық ішінен Құдай Иесіне сиынып былай деп мінажат етті:
3 «Қиын-қыстау кезімде, уа, Жаратқан Ием,
Саған сиындым, жауап бердің де Сен.
Сонда тұңғиықтың терең түкпірінен
Көмек сұрап саған жалбарынған ем,2:3 Немесе: Мен Жаратқан Иеге сиындым, Ол мінажатыма құлақ салды. Мен көрдің (яки о дүниенің) түбінен дауыстап шақырған едім.
Шақырған даусыма құлақ салдың да Сен.
4 Мені тұңғиыққа, терең теңіздің
Түбіне Сен лақтырған едің,
Айналам түгел тек ағыстар болған,
Соққылап қарқынды толқындарыңның
Барлығы да өтті мына басымнан.
5 Былай деп те айтқан болатынмын:
Аластатылсам да көз алдыңнан,
Киелі үйіңе қарамақпын қайтадан.
6 Су басып, теңіз тартып құшағына
Қорқытты,2:6 Яки: Аузы-мұрнымнан кіріп, тұншықтырды. балдырлар оралып басыма.
7 Су асты, тау түбіне түсіп қалдым,
Сол жерге мәңгі қамалғандай болдым.
Бірақ Сен, Жаратқан Ие, Құдайым,
Жанымды тұңғиықтан алып қалдың.
8 Көңілім құлазып, үміт өшкенде,
Уа, Тәңір Ием, Сені алдым есіме,
Мінажатым құлағыңа жетті де
Сенің көктегі киелі үйіңде.
9 Жарамсыз да жалған тәңірлерге
Табынушылар безеді өздеріне
Рақым көрсетпек болған Құдайынан.
10 Ал мен Саған әнмен шүкірлік айтам,
Сый-тарту ұсынып, антымда тұрам.
Құтқарылу келеді тек Жаратқаннан!»
11 Мұнан кейін Жаратқан Иенің бұйрығы бойынша балық Жүністі жағалауға құсып тастады.