Құдайдың адамдарды құтқару үшін құрбандыққа жіберген «Тоқтысы»
29 Келесі күні Жақия өзіне қарай келе жатқан Исаны көріп:
— Қараңдар, Мынау — Құдайдың құрбандыққа жіберген «Тоқтысы»!1:29 Жар 22:8,14; Мыс 12:3,5-7,12-13; Леу 5:17-19; Иш 53:4-5,7,10. Ол адамзаттың күнәсін өз мойнына артып, сол үшін жанын қияды.
34 Мен Киелі Рухтың Исаға қонғанын көріп, Оның Құдайдың рухани Ұлы1:34 1:14,49. екеніне куәгер болдым, — деді.