14,15 Мен «ізгі Бағушымын». Әкемнің10:14-15 Яки: Менің (көктегі рухани) Әкемнің (1:14; 5:17; 6:32,40; 8:54). Мені, Менің Әкемді жақсы білетініміз сияқты, Мен қарамағымдағыларды жақсы білемін, олар да Мені жақсы біледі. Солар үшін жанымды қиямын. 16 Бұл отардан басқа да қойларым бар, соларды да алып келуім керек. Олар даусымды естіп таниды, сонда барлығы бір-ақ Бағушысы бар біртұтас отар болады.10:16 11:52; Елш 10:34,44-48; 11:18; Еф 2:11-21.
Publicidade