Pular para o conteúdo
Publicidade

Жохан 11

21 Марта Исаға:

— Ием, Сіз осында болсаңыз, бауырым өлмес еді! 22 Бірақ қазір де Құдайдан не сұрасаңыз да, оны Сізге беретінін білемін, — деді.

23 — Бауырың қайта тіріледі, — деп жауап берді Иса. 24 Сонда Марта:

— Ақырғы күнгі қайта тірілуде11:24 Яки: Қиямет күні (5:28-29; 6:39-40; Лұқ 14:14; 20:36; Дан 12:2). оның да тірілетінін білемін, — деді. 25 Ал Иса оған:

— Қайта тірілу мен шынайы өмір11:25 Яки: қайта тірілу мен шынайы өмірді сыйлайтын. — Менмін. Маған сенетін адам өлсе де, шынайы өмір сүретін болады. 26 Осылай өмір сүріп, Маған сенген әрбір адам ешқашан да рухани өлмейді.11:26 Яки: тозаққа түспейді (3:16; 8:51). Бұған сенесің бе? — деді. 27 Марта:

— Иә, Ием, Сіздің пайғамбарлар дүниеге келеді деп алдын ала айтқан Мәсіх — Құдайдың рухани Ұлы11:27 20:31; Мат 16:16; 26:63; Мар 1:1; Мар 4:41. екеніңізге сенемін, — деп жауап берді.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também