Исаның Иерусалимге бейбіт Патша ретінде кіруі
12 Келесі күні мейрамға жиналған халықтың үлкен тобы Исаның Иерусалимге келетінін естіп, 13 қолдарына пальма бұтақтарын ұстап, қала сыртына шықты. Оны:
«Жаратқан Ие мадақталсын! Жаратқанның атынан келе жатқан Исраилдің Патшасы жарылқанған!»12:13 Жыр 117:25-26; Түсіндірмедегі «Осаннаны» да қараңыз. — деп айқай салып қарсы алды.
14 Иса бір тайқар есекті12:14 Яки: жас есекті. тауып алдыртып, соған мінген еді. (Зәкәрия) пайғамбардың жазбасында бұл туралы мына тәрізді сөздер айтылған: 15 Уа, Сион халқы, қорықпа! Қара, сенің Патшаң саған келе жатыр! Ол тайқар есектің үстінде отыр.12:15 Исаның жас есекке мінгені Оның Зәкәрия пайғамбар алдын ала хабарлаған әділ әрі кішіпейіл патша екенін көрсетті (Зәк 9:9).
16 Шәкірттері бұны сол кезде түсінген жоқ. Дегенмен Иса қайта тіріліп, көкке көтеріліп, Өзінің ұлылығына ие болғанда, олар бұл сөздердің Иса туралы алдын ала жазылғанын және халықтың Оны осылай қарсы алғанын естеріне алды.12:16 12:33; Елш 2:33,36; 3:13; Лұқ 24:45.
17 Халық арасындағы көптеген адамдар Исаның Елазарды қабірден шақырып, өлімнен қайта тірілтіп алған кезінде Онымен бірге болған еді.12:17 11:43-45. Енді олар сол туралы куәлік етіп айтып жатты. 18 Осындай керемет жасағанын естіген жұрт сондықтан да Исаның алдынан шықты. 19 Ал парызшылдар өзара: «Көріп тұрсыңдар ғой, бұлай алға баспайсыңдар: жұрттың бәрі12:19 Немесе: (бүкіл) әлем (11:47-48). Оның соңынан еріп кетті!» — десті.