16 Мен көктегі Әкемнен сендермен мәңгі бірге болатын Қамқоршыны14:16 Яки: Қолдаушы, Жігерлендіруші (14:26; 15:26; 16:7). жіберуін өтінемін, 17 Ол — шындықты білдіретін Киелі Рух. Осы күнәкар дүние14:17 Яки: Құдайға мойынсұнбаған адамдар (15:18). Киелі Рухты қабылдай алмайды, себебі Оны көрмейді әрі білмейді. Ал сендер Оны білесіңдер, өйткені Киелі Рух сендермен бірге тұрып, жан дүниелеріңнен орын алады.
18 Мен сендерді жетімсіретпей, өздеріңе қайтып келемін.14:18 Мәсіх көкке көтеріліп кеткеннен кейін Киелі Рух арқылы сенушілерге қайта оралды. Болашақта оларды өз мекеніне апару үшін Өзі де салтанатты ұлылықпен қайтып келетін болады (14:1-3,26).