16 Мен көктегі Әкемнен сендермен мәңгі бірге болатын Қамқоршыны14:16 Яки: Қолдаушы, Жігерлендіруші (14:26; 15:26; 16:7). жіберуін өтінемін, 17 Ол — шындықты білдіретін Киелі Рух. Осы күнәкар дүние14:17 Яки: Құдайға мойынсұнбаған адамдар (15:18). Киелі Рухты қабылдай алмайды, себебі Оны көрмейді әрі білмейді. Ал сендер Оны білесіңдер, өйткені Киелі Рух сендермен бірге тұрып, жан дүниелеріңнен орын алады.
18 Мен сендерді жетімсіретпей, өздеріңе қайтып келемін.14:18 Мәсіх көкке көтеріліп кеткеннен кейін Киелі Рух арқылы сенушілерге қайта оралды. Болашақта оларды өз мекеніне апару үшін Өзі де салтанатты ұлылықпен қайтып келетін болады (14:1-3,26).19 Енді аз уақыт қалды, содан кейін осы күнәкар дүние Мені көрмейді, ал сендер Мені көресіңдер. Мен қайта тірілемін, сондықтан сендер де мәңгілік өмірге ие боласыңдар. 20 Сол күні сендер Менің Әкеммен, сендердің Менімен, Менің де сендермен тығыз байланыста екенімізді14:20 Яки: Менің Әкемде, сендердің Менде, Менің де сендерде екенімізді. түсінесіңдер. 21 Менің өсиеттерімді жүректеріне сақтап, орындап жүргендер — Мені сүйетіндер. Оларды Әкем де сүйеді. Мен де соларды сүйіп, Өзімді оларға жақынырақ таныстырамын.14:21 14:15,23; 15:10; 16:27; Жох1 5:3. — 22 Исқариоттан өзге Яһуда14:22 Яғни Жақып ұлы Яһуда, оның қосымша аты Тадей еді (Мат 10:3; Лұқ 6:16). Исадан:
— Мырзам, Сіз қалайша осы дүниеге емес, тек бізге ғана Өзіңізді таныстырмақсыз?14:22 Елш 10:40-41. — деп сұрады. 23 Иса былай деп жауап берді:
— Кім Мені сүйсе, сол айтқан сөздерімді берік ұстанады,14:23 Яки: сол тәлімімді берік сақтайды (15:7; 17:6). әрі Әкем оны сүйеді. Біз сондай адамдарға келіп, өмірлерінен орын аламыз. 24 Мені сүймегендер сөздерімді берік ұстанбайды. Сендердің естіп жүргендерің — Өзімнің емес, Мені жіберген Әкемнің сөздері.
25 Мен бұл сөздерді әлі де қастарыңда жүрген кезімде айтып тұрмын. 26 Ал Әкем Менің атымнан Қамқоршыларың — Киелі Рухты жібереді. Ол Менің сендерге айтқан сөздерімнің бәрін естеріңе салып, рухани өмірлеріңе керектің бәрін үйретеді.