Pular para o conteúdo
Publicidade

Жохан 14

21 Менің өсиеттерімді жүректеріне сақтап, орындап жүргендер — Мені сүйетіндер. Оларды Әкем де сүйеді. Мен де соларды сүйіп, Өзімді оларға жақынырақ таныстырамын.14:21 14:15,23; 15:10; 16:27; Жох1 5:3. — 22 Исқариоттан өзге Яһуда14:22 Яғни Жақып ұлы Яһуда, оның қосымша аты Тадей еді (Мат 10:3; Лұқ 6:16). Исадан:

— Мырзам, Сіз қалайша осы дүниеге емес, тек бізге ғана Өзіңізді таныстырмақсыз?14:22 Елш 10:40-41. — деп сұрады. 23 Иса былай деп жауап берді:

— Кім Мені сүйсе, сол айтқан сөздерімді берік ұстанады,14:23 Яки: сол тәлімімді берік сақтайды (15:7; 17:6). әрі Әкем оны сүйеді. Біз сондай адамдарға келіп, өмірлерінен орын аламыз. 24 Мені сүймегендер сөздерімді берік ұстанбайды. Сендердің естіп жүргендерің — Өзімнің емес, Мені жіберген Әкемнің сөздері.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também