Pular para o conteúdo
Publicidade

Жохан 15

Жүзім бұтасы мен сабақтары туралы астарлы әңгіме

1 — Мен «шынайы жүзім бұтасымын», ал көктегі Әкем15:1 Яки: ал Әкем (1:14). «жүзім өсіруші». 2 Маған ілінген, бірақ рухани жеміс бермейтін әр «сабақты»15:2 Яки: әр «бұтақты». (Бұл жерде жүзім бұтасы, сабағы, жемісі т.с.с. сөздер ауыспалы мағынада қолданылады: Иш 5:1-7.) Әкем кесіп тастайды, ал өнім беретіндерін молырақ берсін деп тазартады. 3 Сол сияқты сендер де Менің өздеріңе айтқан сөздеріме сеніп, рухани таза болдыңдар. 4 Менімен тығыз байланыста тұрыңдар, сонда Мен өздеріңмен тығыз байланыста тұрамын.15:4 Яки: Менде бола беріңдер, Мен де өздеріңде бола беремін (6:56; 14:20; 15:5-7; Жох1 2:24; 3:24; 4:15). Сабақ өздігінен емес, тек бұтасымен байланыста тұрса ғана жеміс бере алады. Сол секілді сендер де Менімен тығыз байланыста тұрмасаңдар, рухани өнім бере алмайсыңдар.

5 Мен «бұтамын», ал сендер «сабақтарымсыңдар». Менімен тығыз байланыстағылармен Өзім де тығыз байланыста тұрамын, сонда олар мол өнім бермек. Ал Менен бөлініп сендер ешбір игілік істей алмайсыңдар. 6 Кім Менімен байланыста тұрмаса, сол кесіліп тасталған сабақтар іспетті «сыртқа лақтырылып, кеуіп қалады». Кепкен сабақтар кейін жиналып, отқа жағылып, жанып кетеді.15:6 15:2; Лұқ 3:9; 13:6-9.7 Ал егер сендер Менімен тығыз байланыста тұрсаңдар, әрі Менің сөздерім өздеріңмен бірге болса, қалағандарыңның бәрін көктегі Әкемнен сұраңдар, сонда аласыңдар.15:7 14:13-14; 15:16; 16:23-24; Мат 7:7-8,11.8 Егер мол жеміс берсеңдер, Менің шәкірттерім боласыңдар. Сол арқылы Әкемнің ұлылығы анық көрінеді.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também