Pular para o conteúdo
Publicidade

Жохан 17

Иеміздің болашақ сенушілер үшін мінажат етуі

20 Мен бұлар үшін ғана емес, олардың айтқандары арқылы Маған сенетін барлық адамдар үшін де өтініп тұрмын. 21 Әке, Мені Өзіңнің жібергендігіңе адамзаттың сенуі үшін,17:21 Яки: дүниедегі адамдардың сенім артуы үшін (17:23; Елш 2:46-47; 4:32-33; 6:1,5-7). Сенің Менімен, Менің де Сенімен тығыз байланыста тұрғанымыздай, сенушілер де Екеуімізбен тығыз байланыста тұрып, бәрі біртұтас болсын деп өтінемін.17:21 14:10-11,20.22 Солар да Біз сияқты біртұтас болсын деп, Өзің Маған сыйлаған ұлылықты Мен оларға да бердім. 23 Мен бұлармен тығыз байланыстамын, Сен де Менімен солайсың. Маған сенетіндер толық бірлікке жетсін! Осылайша Өзіңнің Мені жібергеніңе әрі Мені қалай сүйсең, оларды да солай сүйетініңе17:23 16:27; 14:21,23. адамзаттың көзі жетсін.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também