23 Жасақшылар Исаны айқышқа шегелеп, көтергеннен кейін Оның сырт киімдерін төртеуі тең бөлісіп, көйлегін де алды. Көйлегі басынан аяғына дейін тігіссіз тұтас тоқылған еді. 24 Сол себепті олар бір-біріне: «Бұны жыртпайық, жеребе салып, кімге түсетінін шешейік», — деді. «Жау жамылғымды бөлісіп алады, киімім үшін жеребе салады» деп Забурда жазылған сөздер19:24 Жыр 21:19. осылай орындалды. Мұны жасақшылар жүзеге асырды.
25 Иса шегеленген айқыштың қасында Оның шешесі, нағашы әпкесі, Клеопаның әйелі19:25 Лұқ 24:18. Мәриям және мағдалалық Мәриям тұр еді. 26 Иса шешесін және оның қасында тұрған, Өзі жақсы көретін шәкіртін19:26 Жохан елшіні (13:23; 18:15; 20:5). көргенде, шешесіне: «Апа, енді мынау — сіздің ұлыңыз!» — деді. 27 Содан кейін шәкіртіне: «Енді осы кісі — сенің анаң!» — деді. Сол сәттен бастап шәкірті Исаның шешесін қамқорлығына алды.