Сүйектің қабірге қойылуы
38 Бұдан кейін ариматеялық Жүсіп деген кісі Пилатқа барды. Жүсіп Исадан тәлім алған шәкірті болғанмен, мұнысын яһуди басшыларынан қорыққанынан19:38 7:13; 9:22; 12:42; 16:2; 20:19. жасырып келген еді. Осы кісі Пилаттан Исаның мәйітін19:38 Яғни өлі денесін, сүйегін. айқыш ағаштан түсіріп алуға рұқсат сұрады. Пилат бұған келісті. Жүсіп барып, сүйекті айқыштан түсіріп алды.