Исаның Қана қаласындағы тойда істеген кереметі
1 Екі күннен кейін Ғалилея аймағының Қана қаласында бір үйлену тойы болды. Исаның шешесі сонда еді, 2 Иса да шәкірттерімен бірге шақырылды. 3 Шарап2:3 Сол заманда әдеттегі шарап қымыз сияқты құрамында алкоголі аз болатын. Жұрт оны тамақпен бірге ішетін. таусылып қалып, Исаның шешесі Оған:
— Олардың шарабы қалмады, — деді. 4 Иса:
— Апа, Маған оны не үшін айтасыз? (Керемет жасау үшін көктегі Әкем белгілеген) уақытым әлі келген жоқ, — деп жауап берді. 5 Дегенмен шешесі қызметшілерге: «Ол не айтса, соны істеңдер!» — деп тапсырды.
6 Сол жерде яһудилердің дәстүрі бойынша діни тазару салтына2:6 3:25; Мат 7:3-4; Түсіндірмені де қараңыз. арналған, ішіне он шелектей су2:6 Немесе: екі-үш метретес (өлшем) су. (Метретес: шамамен 39 литр.) сыятын алты тас күбі тұр еді. 7 Иса қызметшілерге: «Күбілерді суға толтырыңдар!» — деген тапсырма берді. Олар күбілерді суға ернеулете толтырды. 8 «Аздап алып, асабаға апарыңдар!» — деді Иса. Олар апарып беріп, 9 асаба шарапқа айналған әлгі суды татып көрді. Бірақ асаба оның қайдан екенін білген жоқ, мұны тек суды шөміштеп алған қызметшілер ғана білетін. Асаба таңғалды да, күйеу жігітті шақыртып алып: 10 «Әркім алдымен жақсы шарабын құяды, қонақтар қызып алған кезде оның төмендеу түрін береді. Ал сен ең жақсысын осы уақытқа дейін сақтап қойыпсың!» — деді.
11 Осылай Иса кереметтерінің алғашқысын2:11 Яки: Иса (Өзін Хақ Тағала жібергендігін көрсететін) белгілерінің алғашқысын (3:2; 6:30; Түсіндірмедегі «Кереметті» де қараңыз). Ғалилеядағы Қана қаласында жасап, Өзінің ұлылығын көрсетті. Содан шәкірттері Оған сенді.