Ғибадатхананы сауда-саттықтан тазарту
13 Яһуди халқының Құтқарылу мейрамы2:13 11:55; Лұқ 22:7; Мыс 12:18-20; Түсіндірмені де қараңыз. жақындағанда, Иса Иерусалим қаласына өрлеп барды. 14 Ғибадатхана алаңында Ол (құрбандыққа шалынатын) бұқа, қой, көгершін2:14 Леу 1:2-3,10,14; Заң 14:26; Лұқ 19:45. сатушыларға және шетелдік ақшаны (зекет беру үшін жергілікті ақшаға)2:14 Заң 14:25; Мыс 30:12-16; Мат 21:12; Мар 11:15. айырбастаушыларға назар салды. 15 Сосын Иса арқаннан қамшы өріп алып, сатушылардың бәрін қой, бұқаларымен бірге ғибадатхана ауласынан қуып шықты. Айырбастаушылардың ақшаларын шашып, үстелдерін аударып тастады. 16 Иса көгершін сатушыларға бұрылып:
— Мыналарыңды бұл арадан алып кетіңдер! Көктегі Әкемнің киелі үйін базарға айналдырмаңдар! — деп бұйырды. 17 Сонда «Киелі үйіңнің қамын жеп, азапқа түсем»2:17 (Жыр 68:10) Яғни Сенің киелі үйің Мен үшін үлкен уайым болды. деп (Забурда алдын ала) жазылған сөздер шәкірттерінің естеріне түсті.