Pular para o conteúdo
Publicidade

Жохан 20

Қайта тірілген Мәсіхтің мағдалалық Мәриямға көрінуі

11 Ал Мәриям үңгірдің алдында жылап тұрды. Жылап тұрған ол қабірдің ішіне еңкейіп қарағанда, 12 ақ киімді екі періштенің отырғанын көрді. Біреуі Исаның мәйіті қойылған жердің бас жағында, екіншісі аяқ жағында отыр екен. 13 Періштелер Мәриямға:

— Қарындас, неге жылап тұрсың? — деп тіл қатты. Ол:

— Біреулер Мырзамды алып кетіпті! Оны қай жерге қойғанын білмеймін, — деді.

14 Мәриям осыны айтқаннан кейін артына бұрылып, Исаның тұрғанын көрді, бірақ Оны танымады. 15 Иса:

— Қарындас, неге жылап тұрсың? Кімді іздеп жүрсің? — деп сұрады. Мәриям Оны бағбан екен деп ойлап:

— Мырза, Оны әкеткен Сіз болсаңыз, қайда қойғаныңызды айтыңызшы. Мен Оны сол жерден алып кетейін, — деді. 16 Сонда Иса оған:

— Мәриям! — деп үн қатты. Мәриям Исаға бұрылып:

— Раббуни! — деді. Бұл сөз «Ұстаз!» деп аударылады. 17 Иса оған:

— Маған жармаспа,20:17 Яки: Маған қолыңды тигізбе (20:27; Мат 28:7,9; Лұқ 10:4). себебі Мен әлі де Әкеме көтерілген жоқпын. Одан да бауырластарыма20:17 Жыр 21:2;3 Мат 12:50; 28:10; Рим 8:29. барып, оларға Менің Әкеме, яғни сендердің де Әкелеріңе, өз Құдайыма, яғни сендердің де Құдайларыңа, көтеріліп кететінімді айт! — деп тапсырды.

18 Мағдалалық Мәриям шәкірттерге барып, өзінің Иемізді көргенін және Оның осы айтқандарын жеткізді.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também