Pular para o conteúdo
Publicidade

Жохан 20

Мәсіхтің шәкірттеріне келіп, Ұлы аманатты тапсыруы

19 Сол жексенбі күнінің кешінде Исаның шәкірттері жиналып, яһуди басшыларынан қорыққаннан20:19 16:2; 19:38. есіктерді бекітіп алған еді. Кенеттен кіріп келген Иса орталарына тұра қалып: «Сендерге амандық пен тыныштық болсын!»20:19 Яки: «Ассалаумағалайкүм!» (21,26-аяттарда да солай; 14:27; Рут 2:4) — деп батасын берді. 20 Осыны айтқаннан кейін Иса оларға екі қолы мен бүйірін көрсетті.20:20 Иса қолдары мен бүйіріндегі тыртықтарын көрсетіп, Өзінің шегеленіп өліп, қайта тірілген Мәсіх екендігін дәлелдеді (19:23-24; 20:25-27; Лұқ 24:39-40). Шәкірттері Иелері Мәсіхті көріп қатты қуанды.

21 Иса оларға тағы да: «Сендерге амандық пен тыныштық болсын! — деді. — Әкемнің Өзімді осы дүниеге жібергені сияқты, Мен де сендерді адамдарға жіберемін».20:21 17:18. — 22 Осылай дегеннен кейін Иса шәкірттерінің бетіне демін үрлеп: «Киелі Рухты қабыл алыңдар! 23 Кімнің күнәларын кешсеңдер, солар кешіріледі, ал кімнің күнәларын кешпесеңдер, солар кешірілмейді»,20:23 Егер сенушілер Құдайдың Киелі Рухының жетелеуіне толықтай мойынсұнса, шешімдері Оның еркіне сай болады (14:17; 16:13; Мат 16:19; 18:18). — деді.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também