29 Иса:
— Тома, сен Мені көргендіктен Маған сеніп тұрсың. Ал Мені көрмесе де сенетіндер бақытты!20:29 Яки: сенетіндерді Құдай жарылқайды (Мат 5:3; 13:16; 16:17). — деп жауап берді.
30 Иса шәкірттерінің көз алдында осы кітапта жазылмаған басқа да көптеген кереметтер істеді. 31 Ал жазылғандары Исаның Құтқарушы Мәсіх, Құдайдың рухани Ұлы20:31 1:14,18,49; 11:27. екендігіне сендер сенсін, әрі сенімдерің арқылы Онымен тығыз байланыста тұрып,20:31 Яки: Оның есімінің құдіретімен (17:11). шынайы өмірге ие болсын деген мақсатпен жазылған.