Pular para o conteúdo
Publicidade

Жохан 21

Мәсіхтің шәкірттерімен көл жағасында кездесуі

1 Бұдан кейін Иса Тіберия көлінің жағасында21:1 Яки: Ғалилея көлінің жағасында (6:1). тағы бір рет шәкірттеріне көрінді. Бұл былай болған еді: 2 Шимон Петір, Сыңарлас Тома, Ғалилеядағы Қана қаласынан шыққан Натанайыл, Зебедейдің ұлдары21:2 Яғни Жохан мен Жақып (Мат 4:21). және Исаның тағы басқа екі шәкірті бәрі бірге болды. 3 Сонда Петір серіктеріне:

— Мен балық аулауға бара жатырмын, — деді.

— Біз де барайық, — деді олар. Содан барлығы сыртқа шығып, қайыққа мінді. Алайда сол түні олар түк те ұстай алған жоқ.

4 Таң сәріде Иса жағада тұрды, бірақ шәкірттері Оның Сол екенін білмеді. 5 Иса оларға:

— Жігіттер, балықтарың бар ма? — деп үн қатты. Олар:

— Жоқ, — деп жауап берді.

6 — Ауды қайықтың оң жағынан салыңдар, сонда біразын ұстайсыңдар, — деді Иса. Олар ауын тастаған соң, түскен балықтың көптігінен оны тартып шығара алмады. 7 Сол кезде Исаның жақсы көретін шәкірті21:7 Яғни Жохан (20:2; 21:20). Петірге: «Бұл — Иеміз ғой!» — деді.

«Бұл — Иеміз ғой!» дегенді естігенде, сырт киімсіз жүрген Шимон Петір көйлегін буып алып, суға секірді. 8 Басқа шәкірттер де қайықпен жағаға беттеді, олар жағалаудан алыс емес, жүз метрдей жерде жүрген еді. Бұлар балыққа толы ауды сүйретіп келді. 9 Жағалауға шыққан олар күйген ағашпен жағылған отты, оның үстіндегі балық пен нанды көрді.

10 Иса оларға: «Қазір ұстаған балықтарыңнан әкеліңдер!» — деді. 11 Петір суға түсіп, үлкен-үлкен балыққа толы ауды жағалауға сүйреп шығарды, бір жүз елу үш балық бар екен. Балық сонша көп болса да, ау жыртылмапты.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também