3 Иса:
— Саған өте маңызды шындықты айтып тұрмын: кімде-кім қайтадан туылмаса, Құдайдың Патшалығын көре алмайды,3:3 Яғни адам Құдай беретін жаңа өмірді қабылдаса ғана, Құдайдың рухани баласы болып, Онымен қарым-қатынаста тұра алады (1:12-13; 3:5; 12:40; Лұқ 18:24-27). — деді. 4 Нікөдем:
— Есейген адам қалайша қайта туылады? Шешесінің құрсағына еніп, екінші рет дүниеге келуі мүмкін бе? — деп сұрады. 5 Иса:
— Саған өте маңызды шындықты айтайын: кімде-кім судан және Киелі Рухтан туылмаса3:5 Яки: кімде-кім күнәсінен тазарып, Құдайдың Рухының ізгі іс-әрекетімен жаңа өмірді иеленбесе (1:12-13; 3:3; Елш 2:38; 22:16; Пет1 1:23,25; Тит 3:5). Құдайдың Патшалығын көре алмайды. 6 Тәннен — тән, Рухтан — рух туады. 7 Менің «қайтадан туылуға тиіссіңдер» дегеніме таңданба! 8 Жел қалаған жерінде соғады: оның гуілін естисің, бірақ қайдан келіп, қайда кеткенін білмейсің. Киелі Рухтан туылған әр адамның басынан өткені де осыған ұқсас,3:8 Киелі Рухтың адамның ішкі дүниесіндегі ізгі іс-әрекеті көрінбейді, оны алдын ала біле алмайсың, бірақ Киелі Рухтан туылған әркім оны сезеді (14:16-17; Қор1 2:14). — деді.