21 Иса оған былай деді:
— Айтқаныма илан: көктегі Әкеге не осы таудың басында, не Иерусалимде сиынбайтын замандарың4:21 Лұқ 19:41-44; 21:20-21,24; Мал 1:11; Тім1 2:8. келе жатыр. 22 Сендер өздерің білмейтін Біреуге табынып келесіңдер, ал біз Кімге ғибадат етіп жүргенімізді білеміз, өйткені Құдай яһудилер арқылы адамзатты құтқармақ.4:22 Құдай алдымен яһудилерге тапсырған Киелі жазбалар арқылы Өзін адамзатқа таныстырып, бәрін де сол халықтан шыққан Мәсіх арқылы құтқармақ (Рим 1:16; 3:1-2; 9:4-5).23 Нағыз сиынушылардың Құдайдың Рухына кенеліп, Әкеге шындап мойынсұнып сиынатын уақыты4:23 (4:24; 14:6,16-17,26; 16:27; Еф 5:18) Немесе: сиынушылардың рухында және шындықпен Әкеге мойынсұнып сиынатын уақыты. болады, ол тіпті жетіп те қалды: Әке Өзіне осылай мойынсұнып сиынушыларды қалайды.