31 Осы екі арада шәкірттері:
— Ұстаз, тамақ ішіп алыңыз, — деп өтінді. 32 Ал Иса:
— Менің сендер білмейтін «тамағым» бар, — деді. 33 Шәкірттері:
— Оған біреу тамақ әкеп берген бе? — десті. 34 Иса оларға астарлап былай деді:
— Өзімді Жібергеннің еркін іске асырып, Оның тапсырғанын толық орындау Маған «нәр» болады.