Pular para o conteúdo
Publicidade

Жохан 4

46 Осылай Иса үйлену тойында суды шарапқа айналдырған Ғалилеядағы Қана қаласына4:46 2:1-11. тағы да келді. Сол кезде Қапарнаумда патшаның бір қызметкері болды, оның ұлы ауырып жатты. 47 Қызметкер Исаның Яһудея аймағынан Ғалилеяға келгенін естіп, Оған барды да:

— Келіп, баламды сауықтырып берсеңіз екен! Ол өлім аузында жатыр, — деп өтінді. 48 Иса:

— Құдіретімді дәлелдейтін кереметтерімді көрмесеңдер, сендер еш сенбейсіңдер,4:48 2:11; 4:45; Мат 16:1-4; Мар 8:11-12. — деді. 49 Ал баланың әкесі Оған:

— Мырза, ұлым өлмей тұрғанда келіңізші! — деп жалбарынды. 50 Сонда Иса:

— Үйіңе бара бер, балаң аман-сау! — деді. Қызметкер Исаның айтқан сөзіне сеніп, кетіп қалды. 51 Келесі күні жолшыбай оның қызметшілері кездесіп:

— Балаңыз аман-сау, — деді. 52 Сонда ол қызметшілерінен баласының жағдайы қай сәтте жақсарғанын сұрады. Олар:

— Кеше түс кезінде сағат бірде4:52 Немесе: Кеше жетінші сағатта (Түсіндірмедегі «Уақыт белгілеу жүйесін» қараңыз). ыстығы қайтты,4:52 Яки: қызуы басылды (Лұқ 4:38-39). — деді. 53 Сонда әкесі Исаның өзіне «балаң аман-сау» деген кезі дәл сол сәтте болғанын біліп, үй ішімен Исаға сенді. 54 Осылай Иса Яһудея аймағынан Ғалилеяға келгеннен кейін екінші рет керемет іс жасап, Өзінің құдіретін танытты.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também