Исаның Бетездадағы науқасты сауықтыруы
1 Біраз уақыттан кейін яһудилердің тағы бір мейрамы болып, Иса соған қатысу үшін Иерусалимге өрлеп барды.5:1 Иерусалим Яһудея аймағының таулы жерінде орналасқан (2:13; Жыр 124:1-2).2 Иерусалимнің Қой қақпасының қасында еврейше Бетезда деп аталатын тоған5:2 Яки: хауыз, су қоймасы (9:7). Бетезда (яки Бетзата): мағынасы — «қайырымдылық үйі». бар. Соның төңірегіне бағаналы бес ғимарат салынған. 3 Оларда соқырлар, ақсақтар, сал болып ауырғандар, тағы басқа көптеген науқастар жататын. (Бұлар судың шайқалғанын күтетін. 4 Себебі Тәңір Ие жіберген бір періште анда-санда тоғанға түсіп, суды шайқайтын. Мұнан кейін алғаш шомылған адам қандай ауруы болса да, жазылып кетеді екен.)
5 Бұл жерде отыз сегіз жылдан бері науқас бір кісі бар еді. 6 Иса оның жатқанын көріп, көптен ауру екенін білді. Содан Ол сол адамға:
— Сауыққың келе ме? — деп тіл қатты. 7 Науқас:
— Мырза, мені су қозғалғанда тоғанға түсіретін адамым жоқ. Ал мен жеткенше, басқа біреу менен бұрын түсіп қояды, — деп жауап берді. Иса:
8 — Орныңнан тұрып, төсенішіңді жинап ал да, жүре бер, — деді. 9 Әлгі кісі сол сәтте-ақ ауруынан сауығып, төсенішін жинап алды да, жүріп кетті!5:9 Лұқ 5:25.
Яһуди басшыларының Исаға жауыздықпен қарсы шыға бастауы
Бұл оқиға (яһудилердің демалысы) сенбі күні болған еді.5:9 Таурат заңына сай Исраил халқының діни демалысы болған сенбі күні жұмыс істеуге тыйым салынған еді (5:10; Лұқ 6:2; Мыс 31:12-17).