Pular para o conteúdo
Publicidade

Жохан 5

21 Себебі Әкесінің өлгендерді тірілтіп жан беретініндей, Ұлы5:21 Яки: рухани Ұлы (1:14; 5:17,19). да Өзінің қалағандарын тірілтеді. 22 Әкенің Өзі ешкімді соттамай, барлық сотты Оған тапсырған. 23 Осылайша бәрі Әкені қалай қадірлесе, Ұлын да солай қадірлесін. Ал кімде-кім Ұлын құрметтемесе, Оны жіберген Әкесін де құрметтемейді.

24 Сендерге тағы бір маңызды шындықты айтайын: кімде-кім айтқан сөздеріме құлақ асып, Мені Жібергенге сенсе, сол мәңгілік өмірге ие. Ол қиямет сотына тартылмайды, керісінше, рухани өлімнен шынайы өмірге өтті.5:24 Яғни Исаның Ізгі хабарына шын жүректен сенгендер күнәнің жазасы — мәңгілік өлімнен құтқарылып, Құдай сыйлаған мәңгілік рухани өмірге ие болды (3:16,18; Рим 5:1).25 Сендерге тағы бір өте маңызды шындықты айтып тұрмын: рухани өлілер5:25 Яки: Құдайдың рухани өмірі (яғни Онымен рухани байланысы) жоқ адамдар (5:24,40; 6:53; 8:43,47; Жар 2:15; 3:19,23; Лұқ 9:60; Еф 2:1). Құдайдың рухани Ұлының даусын естіп, Оған сенетін уақыт болады, тіпті сол уақыт келді де. Сонда Оның даусына құлақ салғандар тіріледі.5:25 1:12-13; 3:5,15-16; 5:24.26 Себебі Әкенің Өзі өмірдің бастауы екеніндей, Ұлына да өмірдің бастауы болуды сыйлады. 27 Ол көктен келген Билеуші болғандықтан, Әкесі Оған қиямет сотын жүргізу билігін де тапсырған.5:27 Яки: Мен көктен келген Билеуші («Адам Ұлы») болғандықтан, Әкем Маған қиямет сотын жүргізу билігін де тапсырған (1:51; Дан 7:13-14).

28 Бұған таңданбаңдар, өйткені қабірдегілердің бәрі Құдайдың рухани Ұлының даусын еститін уақыт болады. 29 Сонда өлгендер қабірден шығады: жақсылық жасағандары мәңгі өмір сүру үшін, ал жамандық жасағандары сотталу үшін тіріледі.5:29 Дан 12:2.30 Мен өздігімнен ештеңе істей алмаймын. Әкемнен естігенім бойынша соттаймын. Менің сотым әділ, өйткені өз еркімді емес, Мені жіберген Әкемнің еркін орындаймын.

Исаның шынайы болмысы туралы айғақтар

31 Егер Мен Өзіме-Өзім куә болсам, онда куәлігім жеткіліксіз болар еді.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também