Исаның бес мыңнан астам адамды тамақтандыруы
1 Біраз уақыт өткеннен кейін Иса Ғалилея көлінің шығыс бетіне жөнелді. Сол көл Тіберия6:1 Тіберия Ғалилея көлінің оңтүстік-батыс жағасында орналасқан қала еді (6:23; 21:1). көлі деп те аталады. 2 Исаның ауруларға жасаған кереметтерін көргендіктен көп халық Оған ерді. 3 Ол тауға шығып, сол жерде шәкірттерімен отырды. 4 Бұл яһуди халқының Құтқарылу мейрамының6:4 2:13; Заң 16:1. қарсаңы болатын.
5 Иса басын көтеріп қарағанда, қарақұрым халықтың Өзіне қарай ағылып келе жатқанын көрді. Содан Иса Філіпке:6:5 1:43.
— Бұларды тамақтандыратын нанды қайдан сатып аламыз? — деді. 6 Иса осы сөзін оны сынау үшін айтты, себебі не істемекші болғанын Өзі біліп тұрды. 7 Філіп Оған:
— Бізде тіптен екі жүз күндік жалақыға6:7 Немесе: екі жүз денарионға. (Денарион: жай жұмыскердің бір күндік жалақысы болған күміс теңге: Мат 20:2.) келетін нан болып, әркім бір жапырақтан ғана жегеннің өзінде бәріне бірдей жетпес еді, — деп жауап берді. 8 Сонда басқа бір шәкірті, Шимон Петірдің інісі Әндір,6:8 1:40,44; 12:22; Мат 4:18; 10:2; Мар 3:18; 13:3. Исаға былай деді:
9 — Осында бір бала жүр, оның бес күлше арпа наны мен екі кепкен балығы6:9 Мар 6:38. бар. Бірақ олар осынша көп кісіге не болады? — 10 Ал Иса:
— Адамдарды жайғастырып отырғыза беріңдер! — деп тапсырды. Сол жерде шөп қалың болып, бес мыңдай ер адам6:10 Олардан басқа мыңдаған әйелдер мен балалар да болған болса керек (Мат 14:21). жайғаса алды. 11 Иса күлшелерді алып, шүкірлік етті6:11 Яки: көктегі Әкесіне ризашылық білдіріп, бата берді. де, жайғасқандарға үлестірді; кепкен балықтардан да жұртқа қалағандарынша берді.
12 Бәрі жеп тойған соң, Иса шәкірттеріне: «Босқа ысырап болмас үшін нанның қалдықтарын жинап алыңдар», — деді. 13 Олар жұрт жеген бес күлше арпа нанының қалдықтарын жинап, он екі себетті толтырды.
14 Адамдар Иса жасаған осы кереметті көргенде:
— Дүниеге келуге тиіс Пайғамбар6:14 1:21. — шынымен Осы! — десті.