5 Иса басын көтеріп қарағанда, қарақұрым халықтың Өзіне қарай ағылып келе жатқанын көрді. Содан Иса Філіпке:6:5 1:43.
— Бұларды тамақтандыратын нанды қайдан сатып аламыз? — деді. 6 Иса осы сөзін оны сынау үшін айтты, себебі не істемекші болғанын Өзі біліп тұрды. 7 Філіп Оған:
— Бізде тіптен екі жүз күндік жалақыға6:7 Немесе: екі жүз денарионға. (Денарион: жай жұмыскердің бір күндік жалақысы болған күміс теңге: Мат 20:2.) келетін нан болып, әркім бір жапырақтан ғана жегеннің өзінде бәріне бірдей жетпес еді, — деп жауап берді.