66 Сол күннен бастап, шәкірттерінің көбі Исадан бас тартып, бұдан былай Оған ермейтін болды. 67 Сонда Иса он екі елшісінен:
— Сендердің де кеткілерің келе ме? — деп сұрады. 68 Бұған Шимон Петір:
— Жоқ, Ием, Сізден кетсек, кімге бармақпыз? Мәңгілік өмірге жеткізетін сөздер Сізде. 69 Біз Сіздің Құдайдың Киелісі екеніңізге6:69 (Мар 1:24; Лұқ 4:34; Елш 2:27) Немесе: Сіздің Мәсіх — мәңгі тірі Құдайдың рухани Ұлы екеніңізге. сеніп, соған көзіміз жетті. —