3 Бірнеше дін мұғалімі мен парызшыл да осы жерге келді. Олар неке адалдығын бұзып жатқан жерінде ұсталған бір әйелді айдап әкеліп, ортаға тұрғызып қойды. 4 Олар Исаға қарап:
— Ұстаз, мына әйел неке адалдығын бұзған қылмысы үстінде ұсталды! 5 Таурат заңында Мұса бізге мұндайларды тас лақтырып өлтіруді бұйырған.8:5 Леу 20:10; Заң 22:22,24. Сіз бұған не айтасыз? — деді.
6 Сол діндарлар Исаны сынап, айыптайтын сылтау табу үшін осыны айтқан еді.8:6 Бұл Мәсіхті сүріндіру үшін қулықпен құрылған тұзақ еді: әйелді өлтіріңдер деу Рим патшалығының заңына, ал өлтірмеңдер деу Таурат заңына қарсы болатын (8:5). Бірақ Ол еңкейіп, саусағымен жерге жазып, оларға көңіл бөлмеді. 7 Әлгілер сұрай берген соң, Иса басын көтеріп:
— Араларыңда кімде-кім күнәсіз болса, сол әйелге бірінші болып тас лақтырсын, — деп, 8 тағы да еңкейіп, саусағымен жерге жазып отыра берді. 9 Олар Оның сөзін естігеннен кейін ұялып, алдымен үлкендері, содан кейін басқалары бірінен соң бірі шығып кетті. Ал Иса ортада тұрған әйелмен оңаша қалды. 10 Басын көтеріп, әйелден:
— Әлгі айыптаушыларың қайда кетті? Саған ешкім үкім шығарған жоқ па? — деп сұрады. Ол:
11 — Ешқайсысы да, Мырза, — деп жауап берді. Ал Иса:
— Мен де саған үкім шығармаймын. Бара бер, бұдан былай күнә жасаушы болма!8:11 3:17; 5:14. — деді.