Pular para o conteúdo
Publicidade

Жохан 9

Соқыр болып туған адамның сауығуы

1 Иса өтіп бара жатып, туғаннан соқыр бір адамды көрді. 2 Сонда шәкірттері Исадан:

— Ұстаз, мынаның соқыр болып туғанына өз күнәсі себеп болды ма, әлде ата-анасынікі ме?9:2 Сол кезде діндарлар адам бойындағы кемтарлық пен ауруды күнәкар өмірдің салдары деп ойлайтын (9:33). — деп сұрады. 3 Иса:

— Оған өзінің де, ата-анасының да күнәсі себеп болған жоқ. Қайта, оның өмірінен Құдайдың құдіретті ісі көрінбек! — деп жауап берді. 4 Сөзін астарлап жалғастырып: — Жарық барда, Мені Жібергеннің тапсырған игі істерін істеуіміз керек. Қараңғы түскен соң, ешкім еш нәрсе істей алмайды. 5 Осы дүниеде тұрған шағымда Мен адамзат үшін Құдайдың Нұрымын,9:5 1:5,9; 3:19-21. — деді.

6 Осылай дегеннен кейін Ол жерге бір түкіріп, содан балшық жасап, зағиптың көзіне жақты да:

7 — Силоғам тоғанына9:7 Яки: хауызына (су қоймасына) (5:2; Шеж2 32:30; Иш 8:6). бар да, жуып таста! — деп тапсырды. Силоғам аударғанда «Жіберілген кісі» деген сөз. Соқыр кісі барып, бетін жуды. Сонда оның көзі ашылып көретін болды. Содан адам үйіне қайта оралды.

8 Көршілері мен оның бұрын соқыр қайыршы болып жүргенін көргендер бір-біріне: «Мынау осы жерде қайыр сұрап отыратын адам емес пе?» — деп, қайран қалысты. 9 Кейбіреулері: «Сол», — десе, басқалары: «Жоқ, бұл соған ұқсас қана», — деді. Әлгі адам: «Мен соның дәл өзімін!» — деп тұрып алды. 10 Сонда кісілер одан:

— Көзің қалай көріп кетті? — деп сұрады. Ол:

11 — Иса есімді Адам балшық жасап, көзіме жағып: «Силоғам тоғанына бар да, жуып таста!» — деді. Мен барып, бетімді жудым, сонда көретін боп шыға келдім! — деп жауап берді.

12 — Ол Адам қайда? — деп сұрады олар. Анау:

— Мен білмеймін, — деді.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também