Соқыр болып туған адамның сауығуы
1 Иса өтіп бара жатып, туғаннан соқыр бір адамды көрді. 2 Сонда шәкірттері Исадан:
— Ұстаз, мынаның соқыр болып туғанына өз күнәсі себеп болды ма, әлде ата-анасынікі ме?9:2 Сол кезде діндарлар адам бойындағы кемтарлық пен ауруды күнәкар өмірдің салдары деп ойлайтын (9:33). — деп сұрады. 3 Иса:
— Оған өзінің де, ата-анасының да күнәсі себеп болған жоқ. Қайта, оның өмірінен Құдайдың құдіретті ісі көрінбек! — деп жауап берді. 4 Сөзін астарлап жалғастырып: — Жарық барда, Мені Жібергеннің тапсырған игі істерін істеуіміз керек. Қараңғы түскен соң, ешкім еш нәрсе істей алмайды. 5 Осы дүниеде тұрған шағымда Мен адамзат үшін Құдайдың Нұрымын,9:5 1:5,9; 3:19-21. — деді.
6 Осылай дегеннен кейін Ол жерге бір түкіріп, содан балшық жасап, зағиптың көзіне жақты да:
7 — Силоғам тоғанына9:7 Яки: хауызына (су қоймасына) (5:2; Шеж2 32:30; Иш 8:6). бар да, жуып таста! — деп тапсырды. Силоғам аударғанда «Жіберілген кісі» деген сөз. Соқыр кісі барып, бетін жуды. Сонда оның көзі ашылып көретін болды. Содан адам үйіне қайта оралды.