Құдайды қастерлейтін Әйүптің жарылқаулы өмірі
1 Бір кезде Ус1:1 Өлі теңізден шығысқа қарай созылып жатқан қыратты жер (1:3; Жар 10:23; Ерм 25:20; Жоқт 4:21). елінде Әйүп1:1 (Езк 14:14,20; Жақ 5:1) Әйүп пайғамбар деп те аталады. есімді адам өмір сүрді. Ол кінәратсыз да әділ болып, Құдайды терең қастерлеп, жамандықтан аулақ жүретін. 2 Әйүптің жеті ұлы мен үш қызы болды. 3 Жеті мың қой-ешкісі, үш мың түйесі, бес жүз жұп өгізі, бес жүз ұрғашы есегі, сондай-ақ өте көп қызметшілері бар сол кісі шығыс өлкесіндегі ең ауқатты адам болатын.