Pular para o conteúdo
Publicidade

Ошия 11

1 Исраилдің патшасы сол күнгі таңда мүлдем құриды!»11:1 10:7; 13:11; Пат4 17:1-18.

Құдайдың өз халқына деген әкелік сүйіспеншілігі

«Исраил әлі де жас болғанда оны сүйетін едім, Мен рухани ұлымды Мысырдан шақырып алдым.11:1 2:15; 12:9; 13:4; Мыс 4:22; Заң 7:7.2 Бірақ Мен халықты Өзіме неғұрлым шақырған сайын олар соғұрлым қасымнан алшақтай берді. Олар Бағалдың бейнелеріне арнап құрбандық шалып ұсынып, сол мүсіндердің құрметіне хош иісті заттарды түтетіп жүрді.11:2 2:13; 4:13; Пат4 17:13-15.

3 Ал Ефремді қолынан жетелеп, аяғын тәй-тәй басып жүруді үйреткен Өзім болатынмын. Өздерін сауықтырған да Мен екенімді халық мойындағылары келмеді.11:3 Заң 1:31; 32:10; Жыр 106:20.4 Мен оларды ыңғайлы ноқтамен, сүйіспеншіліктің арқанымен жетелеп жүрдім. Мойынтұрықтарын мойындарынан шешіп алып тастап, оларды тамақтандыру үшін еңкейетін де едім.

5 Маған қайта оралудан бас тартқан соң, халық енді Мысыр еліне қайта оралмай ма? Ассур оларға патшалық құрмай ма? 6 Сол кезде олардың қалаларында семсерлер жарқылдап, қақпаларының ысырмаларын сындырады. Зұлым ой-ниеттері үшін оларды жалмап құртады. 7 Өз халқым Менен теріс бұрылуға бейім. Олар (Бағалға) биіктеу жерлерде қаншама сиынғанмен, ол соларды (мүшкіл жағдайларынан) еш шығармайды».11:7 Немесе: Хақ Тағалаға қаншама шақырылғанмен олар бірігіп даңқымды шығармайды.

8 «Мен сені қалайша тастап кетемін, уа, Ефрем? Сені қалайша ұстап беремін, уа, Исраил? Мен сені қалайша Адмадай тастап, Себоимдей ойрандаймын?11:8 (Жар 14:8; 19:24-25; Заң 29:23) Ежелде Өлі теңізге жақын орналасқан Адма, Себоим қалалары Содом және Ғоморамен бірге ойрандалған. Жүрегімде ниетім өзгеріп, аяушылығым арта түсті. 9 Сонда Мен лаулаған қаһарымды жүзеге асырмаймын, Ефремді қайтадан құртпаймын. Себебі Мен пенде емес, Құдаймын. Араларыңда тұратын Киелі Құдаймын. Сол кезде сендерге ашу-ызамен келмеймін.

10 Халық Менің соңымнан еріп, Мен, Жаратқан Ие, арыстандай ақыратын боламын. Мен ақырғанда, балаларым батыс жақтан дірілдеп қайтып келеді.11:10 3:5; 6:1-3; Жое 3:16; Иш 21:4; 49:10; 66:2.11 Олар Мысыр елінен құстай болып, Ассур елінен де көгершіндей болып дірілдеп қайтып келеді. Мен халқымды үйлеріне қайтадан орналастырамын!» — деп уәде береді Жаратқан Ие.

Халықтың ежелден-ақ опасыздық жасап келуі

12 Ефрем халқы мені жалған сөздермен қоршап, Исраил халқы өтірікпен қамап жатыр. Яһуда халқы әлі де Құдайдан, Киелі Жасаған Иеден, тайып өз бетімен жүр.11:12 (12:2; Ерм 2:31) Немесе: әлі де Менімен, Киелі Құдаймен, жүріп, сенімді болып келеді.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também