Pular para o conteúdo
Publicidade

Protecção e segurança

Por Bíblia Online

Deus é nosso protetor e refúgio seguro. Em todas as circunstâncias, a Bíblia nos assegura que o Senhor guarda, sustenta e protege aqueles que nele confiam.

Deus, a nossa fortaleza

O Senhor é refúgio e fortaleza, socorro bem presente na angústia. Quem habita no esconderijo do Altíssimo descansa à sombra do Todo-Poderoso.

Құдайдың бар халықтарға жүргізетін билігі

(Ән-күйдің жетекшісіне арналған Қорах ұрпақтарының жыры.)

Құдайдың бар халықтарға жүргізетін билігі

(Ән-күйдің жетекшісіне арналған Қорах ұрпақтарының жыры.)

Хақ Тағаланың даналығы мен әділдігін жырлау

(Демалыс күні айтылатын ән әрі жыр.)

Қандай ғанибет — Жаратқан Иені мақтау,

Уа, Хақ Тағала, есіміңе ән-жыр арнау,

Он ішекті аспапта әсем күй тартып,

Жетіген және домбырамен қосылып.

Ессіз адам ғана бұларды білмейді,

Түйсіксіз жан мынаны түсінбейді:

Бірақ Сен, уа, Ием, мәңгі үстемсің!

О, Жаратқан, жауларың Сенің,

Иә, бар жауларың да сөзсіз құриды,

Сол зұлымдық жасайтындар шашырайды.

Құдайдан зұлым жаулардан құтқаруды сұрау

(Дәуіттің жыры.)

Саған сиынамын, уа, Жаратқан Ием,

Жартастай берік қорғанымсың Сен,

Бас тарта көрме маған жауап беруден.

Егер де тіл қатып жауап бермесең,

Қабірге түскендерге ұқсаймын мен.

Уа, Ием, Сен сиынатын Құдайымсың,

Таң сәріден мен Саған бет бұрамын,

Сусыз жердемін кеуіп, құлазыған,

Жан-тәніммен Сені аңсап сағынам.

Иеміз адамзатқа әділ үкім айтады,

Халықтарға ақиқат шешім шығарады.

O escudo do Senhor

Deus nos rodeia com sua proteção como um escudo. Ele é rocha, baluarte e libertador. Sua fidelidade nos cobre e nos guarda.

Жұрт: «Құдай құтқармайды сол кісіні»

Деп қатты күйзелтеді жан дүниемді.

Жәбірленушінің таң ата сиынып қайта жігерленуі

(Дәуіттің жыры. Ол Дәуіттің өз ұлы Абессаломнан қашып жүрген кезіне арналған.)

Уа, Ием, жауларым сонша көбейді,

Көп адам маған қарсы көтерілді.

Жұрт: «Құдай құтқармайды сол кісіні»

Деп қатты күйзелтеді жан дүниемді.

Ал, Ием, алдымдағы қалқаным Сенсің,

Даңққа бөлеп, беделімді көтересің.

Жаратқанға дауыстап жалынам,

Ол жауап береді киелі тауынан.

Орныма жатып, ұйықтаймын бейқам,

Содан оянып, тұрамын қайтадан,

Себебі мені қорғайды Жаратқан.

Шапағатты да ұлы Құдайды мадақтау

(Дәуіттің мадақтау жыры.)

Уа, Құдайым, Патшасың, даңқыңды асырамын,

Атыңды мәңгілік жоғарылатамын.

Күн сайын Сені дәріптейтін боламын,

Атыңды мәңгілік құрмет тұтамын.

Уа, Ием, бар істерің даңқыңды шығарсын,

Адал адамдарың да Сені мадақтасын!

Уа, Құдайым, үкімдерін шығаршы,

Құрған тұзақтарына өздерін құлатшы,

Мол күнәлары үшін қуып шықшы,

Өйткені олар Саған қарсы шықты.

Өзіңе үміт артқандар шаттансын,

Лайым қуана мадақтап ән салсын.

Өзіңді сүйгендер Сені айтып мақтансын,

Олардың бәрін Сен қолдап-қорғайсың.

Ажалдың шынжыры мені матады,

Өлімнің торы бұғаулап шырмады.

Қатты қиналып Жаратқанға сиындым,

Жәрдем сұрап Құдайыма жалындым.

Киелі орнынан Ол құлақ салды,

Жалынышым Оның алдына барды.

Сол заматта жер дірілдеп сілкінді,

Таулардың негізі шайқалып дірілдеді,

Өйткені Құдай қаһарына мінген еді.

Қаһарынан Оның түтін шықты,

От лаулап, аузынан жалын атты,

Ыстық шоқ ішінен атқылады.

Ал мен адам емес, құрт іспетті қуатсызбын,

Жұрт ұрсып, елемейді мені халқым,

Көргендердің бәрі келекелейді,

Басын шайқап, балағаттап былай дейді:

«Ол Жаратқанға үмітін артқан екен,

Сол оны аман қалдырсын пәледен!

Жаратқан Ие разы болса оған,

Құтқарып алсын оны қиындықтан!»

Теңіздің суларын Ол жинап, шек қойды,

Түпсіз мұхитты «қоймаларына» құйды.

Segurança e provisão

O Senhor supre todas as necessidades dos seus filhos. Quem busca o Reino primeiro não precisa temer — nada faltará aos que temem ao Senhor.

Сиондағы киелі үйге бару

(Дәуіттің жыры.)

Жер жүзі мен ондағының бәрі Жаратқандікі,

Бұл дүние мен онда тұрғандар түгел Онікі,

Жан-тәніммен Оны былай деп мақтаймын:

«Күшсіз жанды күштіден қорғайтын,

Бейшара кедейді тонаушыдан сақтайтын

Саған кім тең келер, уа, Жаратқаным?»

Өзің атқан жебелерің денеме кірді,

Қолың зілдей басты менің үстімді.

Ал Иса Мәсіхпен жүрген сендердің барлық қажеттеріңді де менің Құдайым Өзінің керемет байлығы бойынша қамтамасыз ететін болады.

Себебі маған күш-қуат беретін Мәсіхпен бірге болсам, бәріне де төзе аламын.

Ең бастысы, Құдайдың Патшалығының қамын ойлап, Құдайдың әділ еркін орындауға ұмтылыңдар! Сонда көктегі Әкелерің сендерге бұлардың бәрін қосып береді.

Сендер сондайларға ұқсамаңдар! Себебі көктегі Әкелерің өздерің сұрамай тұрып-ақ, сендерге не керек екенін біледі.

Сеніммен сұрай беріп, тар қақпадан кіру

Құдайдан сұраңдар, сонда Ол сендерге (мұқтаждарыңды) береді; іздеңдер, сонда табасыңдар; есікті қағыңдар, сонда ол сендерге ашылады. Себебі сұрай берген әркім алады, іздей берген табады, қағып тұрғанға есік ашылады.

Сонымен, өздерің күнәкар бола тұра балаларыңа жақсылық жасауды білсеңдер, көктегі Әкелеріңнің Өзінен сұрағандарға жақсылық жасайтыны ешбір шүбәсіз!

Guarda e livramento

O anjo do Senhor acampa ao redor dos que o temem e os livra. Deus promete guardar todas as nossas saídas e entradas para sempre.

Өйткені олар жазықсыз маған тор құрды,

Еш айыпсыз маған арнап ор қазды.

Уа, Жаратқан, мұны көрдің, үнсіз қалма,

О, Ием, Сен менен еш қашықтама,

Құдайдың қаласына игілік тілеу

(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын Дәуіттің жыры.)

«Барайық киелі үйіне Жаратқанның!»

Дегенді естіп қатты қуандым.

Уа, Иерусалим, аяғымыз біздің

Қақпаларыңның алдында тұр сенің.

Қабырғалары кірігіп бір тұтасқан

Қала болып Иерусалим салынған.

Осында өрлеп келіп тұрады

Жаратқанға сиынатын рулары,

Исраилге Ол мынаны заң етіп тапсырды:

Жаратқан Иенің есімін мұнда даңқтауды.

Қалада тұр билердің орындықтары,

Дәуіттің әулетінің патшалық тақтары.

Амандық тілеңдер Иерусалим үшін:

«Қаланы сүйетіндер өркендесін,

Қамалыңның ішінде амандық болсын,

Сарайларыңда тыныштық орнасын!»

Тума-туыс, дос-жарандарым үшін

Қалаға аман-есендік тілеймін.

Жазықсыз жәбірленгеннің Құдайға сиынуы

(Дәуіттің мінажаты.)

Уа, Ием, әділ өтінішімді ести гөр,

Жалынған дауысыма көңіл бөле гөр,

Шынайы мінажатыма құлақ түрші,

Жазықсыз жәбірленгеннің Құдайға сиынуы

(Дәуіттің мінажаты.)

Уа, Ием, әділ өтінішімді ести гөр,

Жалынған дауысыма көңіл бөле гөр,

Шынайы мінажатыма құлақ түрші,

Көз қарашығыңдай мені сақтай көрші,

«Қанатыңның астында» тасалай көрші.

Көз қарашығыңдай мені сақтай көрші,

«Қанатыңның астында» тасалай көрші.

Жеңіс үшін шүкірлік айту

(Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.)

Уа, Ием, құдіретіңе патша қуанады,

Құтқарғаныңа шексіз шаттанады.

Ал сұмдық жасайтындарға Жаратқан қарсы шығады,

Есімдерін із-түзсіз жер бетінен жоқ қылады.

Әділдер жалынса, Иеміз құлақ салады,

Күллі қиындықтан оларды құтқарып алады.

Жүрегі жаралыға Жаратқан жақын тұрады,

Жаны күйреп, күнәсіне өкінгенді құтқарады.

Әділ жан қиындықты көп көреді,

Ал Иеміз оны бәрінен азат етеді,

Confiança inabalável

Melhor é confiar no Senhor do que confiar no homem. Quem anda em integridade anda seguro, e a torre forte do nome do Senhor protege o justo.

Сонда ден қойып бар өсиеттеріңе,

Ешқашан масқара болмас та едім.

Мен жарлықтарыңды ұстана берем,

Жалғыз қалдыра көрме мені мүлдем.

Жаратқан Иенің есімі — мықты мұнара,

Бас сауғалаған әділге қауіпсіз пана.

Жаратқан Иенің есімі — мықты мұнара,

Бас сауғалаған әділге қауіпсіз пана.

Жаратқанды шын қастерлеу — берік сүйеніш,

Әрі келер ұрпақ та бас сауғалар қорғаныш.

Өйткені Жаратқан Ие сүйенішің болар,

Жүрген өмір жолыңда сені тордан сақтар.

Таза жүрген аман жүрер,

Қисық жолдағы әшкереленер.

Құдайдың барлық сөздері пәк таза,

Ол қалқандай Өзін паналайтындарға.

Құдайдың барлық сөздері пәк таза,

Ол қалқандай Өзін паналайтындарға.

Таза жанды әділдігі аман сақтар,

Күнәкарды зұлымдығы құлатар.

Әділ жан тамағын тойып ішер,

Арамзаның қарны аш жүрер.

Себебі Жаратушы даналық сыйлар,

Білім мен түсінік Оның аузынан шығар,

Әділдерге Ол парасатты сақтап, ұсынар,

Кінәратсыз жүргендерді қалқандай қорғар.

Ақиқат жолын Тәңір Ие назарында ұстар,

Өзіне бағышталғанның жолын аман сақтар.

Зерделі жан қатер көріп бас сауғалар,

Аңғал адам жүре беріп жаза тартар.

Жауынгер шайқасқа атын дайындар,

Ал жеңісті оған Жаратқан Ие сыйлар.

Ең бастысы, таза сақта жүрегіңді,

Өйткені ол — өміріңнің қайнар көзі.

A presença protetora

O Senhor prometeu estar conosco e nunca nos desampara. Ele é como sombra à nossa direita e fortaleza em todo o tempo.

Қайратты да батыл болыңдар, жауларыңнан еш үрейленіп қорықпаңдар! Себебі Құдайларың Жаратқан Ие сендермен бірге жүріп жар болады. Ол сендерді ешқашан тастап та кетпейді, жалғыз да қалдырмайды.

Ежелден Құдай болып келеді баспанаң,

Аясында боласың мәңгілік қолының,

Ол жауыңды алдыңнан қуып шығады,

Оны жойып құртуға бұйырады,

Мұса Бунямин руына батасын беріп былай деді:

«Лайым Жаратқан Ие жақсы көрген

Ру Оның қасында тұрсын аман-есен,

Күн сайын Ием оны қорғайтын болсын,

Таулардың беткейлерінде қоныстансын».

Ал бұдан былай қандай қару-жарақ саған қарсы жасалса да, сені құрта алмайтын болады. Өзіңді айыптағандардың сөздерін әшкерелеп, жоққа шығарасың.

Жаратқан Иенің қызметшілері осы игіліктерді иеленетін болады. Оларды Өзім ақтап аламын», — деп нық айтады Жаратқан Ие.

Әрдайым ойын Саған бағыттаған

Әрі сенімін бір Өзіңе артқан

Жанды сақтайсың Сен тыныш, аман.

Сендер қартайған шақта да Мен өзгермеймін, шаштарың ағарған кезде де қолдай беремін. Сендерді жаратқан едім, бұдан былай да көтеріп жүремін. Мен ауыртпалықтарыңа төзіп, құтқарып қорғай беремін.

Ұясының үстінен қалықтап ұшып жүретін құс іспетті, Әлемнің Иесі де Иерусалимді қорғайды. Иә, Ол қаланы қорғап, құтқарады, оны ешкімге күйретпей үстінен «өте шығып», аман алып қалады.

Жақсылық істеуді үйреніп, әділдікке ұмтылыңдар! Зорлық-зомбылық жасағандарды әшкерелеп, оларға тыйым салыңдар, жетім-жесірлерді қолдап, мүдделерін қорғаңдар!»

Егер Маған мойынсұнып, тілімді алсаңдар, жердің жақсы өнімдерін жейтін боласыңдар. Алайда қасарысып, Маған қарсы тұра берсеңдер, сендерді жаудың семсері жалмап қояды». — Жаратқан Иенің Өзі осыны нық айтқан.

Сендер үшін Жаратқан Иенің Өзі шайқаспақ. Ал өздерің тек тыныш тұрсаңдар болғаны, — деді.

Жаратқан Ие ізгі, басыңа қиындық түскен кезде Ол паналайтын қорғаның болады. Өзіне сенім артқандарды Ол жақыннан танып біледі.

Promessas de cuidado

Deus garante que nem um fio de cabelo cairá sem sua permissão. Ele deseja que vivamos em paz, confiança e segurança total nele.

Екі торғайды бір теңгеге сатпай ма? Дегенмен көктегі Әкелеріңнің еркінсіз бірде-бір торғай жерге құлап түспейді. Тіпті бастарыңдағы шаштарыңның саны да Оған белгілі! Сондықтан адамдардан қорықпаңдар: Құдай үшін сендер көптеген торғайлардан да әлдеқайда қымбатсыңдар!

Құдайға сеніммен сиынып (Оның еркіне сай) нені сұрасаңдар да, Одан аласыңдар, — деп жауап берді.

Менің атымды мойындағандарыңа бола барлық жұрт сендерді жек көретін болады. Алайда Құдайдың еркінсіз сендер қылдай да қиянат шекпейсіңдер.Табанды болыңдар, сонда шынайы өмірге жетесіңдер!

Содан кейін Иса шәкірттеріне:

— Мен сендерді жолға ақша салатын қалта да, жолдорба да, артық аяқкиім де алғызбай жұмсап жібергенімде, бір нәрседен мұқтаждық көрдіңдер ме? — деген сұрақ қойды. Олар:

— Жоқ, еш нәрседен мұқтаждық көрген жоқпыз, — деп жауап қайтарды.

Бұл жайында не дейміз? Құдай жақтаса, бізге кім қарсы шыға алады?!

Сондықтан да біз: «Ием маған жар, мен қорықпаймын ешбір жайттан, не істей алады адам баласы маған?» деп нық сеніммен айтамыз.

Сонымен, Құдайға мойынсұныңдар!

Әзәзіл шайтанға қарсы тұрыңдар, сонда ол сендерден қашып кетеді.

басқаларға ұқсап ұйықтап қалмай, сергек те салауатты жүрейік!

Fidelidade e aliança

Deus é fiel à sua aliança. Ele protege cada promessa que faz e guarda os seus como a menina dos seus olhos.

Ал Жаратқан Ие сенімді, Ол сендерге күш-жігер беріп, әзәзілдің әрекетінен сақтайды.

Одан не сұрасақ та, аламыз. Өйткені Құдайдың өсиеттерін орындап, Ол не қаласа, соны істейміз.

Біз Оның еркіне сай бір нәрсе сұрасақ, Құдай тілегімізге құлақ салады деп нық сенеміз. Не сұрасақ та, Құдай бізге құлақ салады деп білсек, Оның тілегенімізді беретінін де білеміз.

Қорытынды

Мынаны білеміз: кім Құдайдың рухани баласы болса, сол күнә жасай бермейді. Құдайдың рухани Ұлы оны сақтағандықтан, шайтан оған тиісе алмайды.

Бұдан былай Мен осы дүниеде қалмай, Саған бара жатырмын. Бірақ олар осы дүниеде қалады.

Киелі Әке, Маған берген есіміңнің құдіретімен шәкірттерімді қорғай гөр. Екеуіміздің біртұтас екендігіміздей, олар да біртұтас болсын.Мен қастарында болған кезімде оларды Сенің Маған берген есіміңнің құдіретімен қорғап, аман сақтап жүрдім. Құрып кетуге тиісті адамнан басқа бірде-біреуін жоғалтқан жоқпын. Киелі жазбада сол адамның істейтіні туралы айтылғандар орындалу үшін осылай болды.

Сенен оларды осы дүниеден әкете гөр деп емес, әзәзіл шайтаннан қорғай гөр деп сұрап тұрмын.

Жаратқан Иеден басқа кім Құдай екен?

Құдайымыздан басқа кім қорғайтын құз екен?

Сонымен енді пендеңнің әулетін әрқашан өз алдыңда жалғаса берсін деп жарылқай гөр. Уа, Жаратушы Тәңір Ием, осыны Өзің айтқандықтан, Сенің ақ батаңмен пендеңнің әулеті ұдайы жарылқанатын болады».

Содан Дәуіт Дамаск қаласы мен оның айналасына өз қарауылдарын орналастырды. Осылай арамалықтар Дәуітке құлдық ұрып, оған алым-салық төлейтін болды. Дәуіт қайда барса да, Жаратқан Ие оны қолдап-қорғап, жеңіске жеткізіп отырды.

Қайда барсаң да, саған жар болып, өзіңе қарсы шыққан күллі жауларыңды құртып жүрдім. Сенің атыңды шығарып, жер бетіндегі ең ұлы адамдар іспетті даңқты қыламын.

Менің ережелерім мен шешімдерімді сақтап орындаңдар, сонда елде аман-есен тұратын боласыңдар.

Бұдан былай еш уақытта тіршілік атаулы топан судан құрымайды және жерді бүлдіретін топан су ешқашан қайтып болмайды деп, сендермен Келісім жасаймын», — деді.

Шынында Жаратушы Тәңір Ие Өзіне қызмет ететін пайғамбарларға алдын ала білдірмей ештеңе істемейді.

Provisão diária

Deus satisfaz os desejos do coração dos seus filhos. Ele abençoa, renova as forças e sustenta dia após dia quem nele confia.

Ал Сен, уа, Ием, рақымды бола гөр,

Сауықтырып орнымнан тұрғыза гөр,

Оларға лайықтысын қайтарайын.

Жаратқанға әділдер шаттанады,

Олар Иемізден пана табады.

Ақжүрек жандар Оны мақтан тұтады.

Жалбарына айқайлап қалжырадым,

Құрғап, кеуіп қалды менің тамағым,

Құдайымды күтіп талды қос жанарым.

Басымдағы шашымнан көп дұшпандарым,

Себепсіз мені жек көреді жауларым,

Сұмдықпен мені қудалап келеді,

Алмаған нәрсемді талап етеді.

Жақындап келіп, жанымды құтқаршы,

Жауларыма бола босата көрші.

Сонда рақым мен шындық бірге кездеседі,

Әділдік пен татулық бір-біріне сәйкес келеді.

Құдай жолымен жүрген отбасының жарылқануы

(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)

Жаратқан Иені қастерлейтін,

Оның жолдарымен жүретін

Әрбір адам қандай бақытты!

Көкке көтерілсем, сол орындасың,

Тұңғиыққа түссем де, Сен сондасың.

Жаратқан Иеге шүкірлік әнін айтыңдар,

Құдайымызға жетігенмен күй тартыңдар!

Жаратқан аспанды бұлттармен жабады,

Жер бетіне жаңбырды жаудырады,

Тау-төбені көк шөппен жамылдырады.

Осылай азық өсіреді мал мен аңдарға,

Қарғаның шақырған балапандарына да.

Молайса нан менен жүзім шырыны,

Саған сенбейтіндер масаттанады.

Менің жүрегімді Өзің шаттандырдың,

Соншама зор қуанышқа толтырдың.

Шайтанның қастық іс-әрекетіне тойтарыс бере алуларың үшін Құдай берген «рухани қару-жарақпен» түгел жабдықталыңдар!

Шайтанның қастық іс-әрекетіне тойтарыс бере алуларың үшін Құдай берген «рухани қару-жарақпен» түгел жабдықталыңдар! Біз адам баласына қарсы емес, қазіргі қара түнектің әкімдері мен күштілеріне әрі дүниені билеп-төстеушілеріне: көзге көрінбейтін дүниедегі зұлым рухтарға қарсы күресудеміз.

Әлде адамның Құдайдан ұрлауына бола ма? Алайда сендер Менен ұрлайсыңдар! «Сенен қалайша ұрлайды екенбіз?» деп сұрасаңдар, жауабым мынау: Өнімнің он бөлігінің бірін және өзге де тиесілі сый-тартуларды бермеулерің арқылы! Сендердің барлығың, бүкіл халқың да қарғысқа ұшырадыңдар! Себебі сендер Менен ұрлап жатырсыңдар!

Киелі үйімде әрдайым тамақ болуы үшін қоймама өнімнің он бөлігінің бірін толықтай алып келіңдер! Менің не істейтінімді осы арқылы сынап көріңдер! — деп ұсынады Әлемнің Иесі. — Сонда Менің аспаннан мол жауын-шашын жаудырып, сендерді жарылқауымның ағыл-тегіл болатыны соншама, оның бәрін жайғастыратын орындарыңның да болмай қалғанын көресіңдер!

Осылайша оларды да, Өзіме бағышталған Сион тауының айналасындағы жерлерді де жарылқаймын. Мен жаңбырларды мезгілінде жіберемін, олар жарылқау әкелетін жаңбыр болады.

Себебі ақшасы адамды қорғайтынындай, даналық та оны қорғар. Ал даналықтың бір артықшылығы: ол иесінің өмірін сақтап қалар».

Сол сияқты, Иеміз Ізгі хабарды уағыздаушылардың осы қызметтерімен күндерін көруіне әмір еткен.

Өйткені ақшақұмарлық — әр түрлі жамандықтың түп-тамыры. Кейбіреулер осыған бола сенімдерінен адасып, өздерін көптеген қайғы-қасірет пен өкінішке душар етті.

Мен шаршаған жанды сергітемін, қайғырып түңілгенді рухани нәрге кенелтемін».

Сол себептен мен осындай азап көріп жатырмын. Ал соған еш ұялмаймын, себебі Кімге сенім артқанымды білемін. Оның қайтып келетін күніне дейін Өзінің маған аманаттаған Ізгі хабарын аман-есен сақтайтынына кәміл сенемін.

Seja o primeiro

Este artigo te tocou? Faça uma oração!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.