45 Філіп Натанайылды тауып алып, оған:
— Біз Мұса Тауратта жазған, басқа пайғамбарлар да өз жазбаларында айтып кеткен Мәсіхті1:45 Жар 3:15; Рул 21:9; Заң 18:15; Лұқ 24:47. таптық! Ол — назареттік Жүсіптің ұлы1:45 Жүсіп: Исаның шешесі Мәриямның күйеуі (Мат 1:20-24; 2:22-23; Лұқ 1:27,35). Иса! — деді. 46 Бірақ Натанайыл:
— Сол Назареттен не жақсылық шығар дейсің?1:46 7:52. — деп жауап қатты. Філіп оған:
— Келіп, өзің көр!1:46 1:39. — деді.
47 Иса өзіне қарай келе жатқан Натанайылды көргенде:
— Мынау — қулық-сұмдығы жоқ, нағыз исраилдік, — деді. 48 Натанайыл:
— Сіз мені қайдан білесіз? — деп сұрады. Иса:
— Сені Філіп шақырмай тұрып, інжір ағашының астынан көріп едім, — деді. 49 Натанайыл (өзін Исаның інжір ағашының қалың жапырағының астынан көре алғанына қайран қалды да):
— Ұстаз, Сіз Құдайдың рухани Ұлысыз, Исраилдің Патшасысыз!1:49 1:14,34; 12:13; 18:33; 19:19; Мат 2:2. Соған көзім жетті, — деп жауап берді. 50 Иса оған:
— Мен «сені інжір ағашының астынан көрдім» дегенді ғана айтқанда, Маған сендің. Әлі бұдан да зорды көресің! — деді. 51 — Сендерге өте маңызды шындықты айтайын:1:51 Немесе: Шын, шын сендерге айтамын. (Иса осы қаратпа сөздерін өте маңызды тәлімі мен мәліметтерін білдіргенде айтатын.) бұдан былай көктің ашылғанын көресіңдер! Сонда Құдайдың періштелері көкке көтеріліп кетіп әрі Құдай тағайындаған Билеуші — Маған1:51 Немесе: және Билеуші ретінде көктен келген Маған («Адам Ұлына») (Дан 7:13-14; Түсіндірмедегі «Көктен келген Билеушіні» де қараңыз). түсіп келіп тұратын болады.1:51 Исраил халқының түп атасы Жақыптың көрген аянында көк ашылып, періштелер көкке көтеріліп, жерге түсіп тұратын еді (Жар 28:12).