Елазардың ауырып, қайтыс болуы
1 Сол кезде Елазар деген бетаниялық кісі қатты ауырып жатты. Бұл ауылда Мәриям мен оның әпкесі Марта да тұратын.11:1 12:1; Мат 21:17; Лұқ 10:38-39.2 Кейінірек Иеміздің аяғына иісмай жағып, шашымен құрғатқан осы Мәриям еді.11:2 12:3; Мар 14:3. Қазір оның бауыры Елазар қатты науқастанып жатты. 3 Сонда апалы-сіңлілі екеуі: «Мырза, Сіз жақсы көретін кісі ауырып жатыр», — деп Исаға Елазар туралы хабар жіберді.
4 Иса мұны естігенде: «Бұл аурудың соңы өлімге соқтырмайды, қайта, Құдайды ұлылыққа бөлеуге септігін тигізеді: ол арқылы Құдайдың рухани Ұлының құдіретті ұлылығы көрінеді», — деді. 5 Иса Мартаны, оның сіңлісі мен Елазарды жақсы көруші еді. 6 Бірақ Ол Елазардың науқастанып жатқанын естісе де, сол кезде болған жерінде тағы да екі күнге қалып қойды.
7 Бұдан кейін Иса шәкірттеріне:
— Яһудея аймағына қайта барайық! — деді. 8 Олар:
— Ұстаз, яһуди діндарлары күні кеше ғана Сізді тас лақтырып өлтіргісі келмеп пе еді?11:8 8:59; 10:31. Шынымен тағы сол жаққа бармақсыз ба? — деп сұрады. 9 Иса:
— Күндізгі уақытта он екі сағат бар емес пе? Адам жолмен күндіз жүрсе, сүрінбейді, өйткені ол бұл дүниенің жарығын көреді.11:9 Яки: бұл дүниенің Нұрын көреді. (Сенушілер Құдай белгілеген уақытты дұрыс пайдаланып Оның еркіне сай өмір сүрсе, өз қызметтерін Оның қорғауымен атқара алады: 3:19-21; 9:4-5; 12:35.)10 Ал егер түнекте жүрсе, сүрінеді, себебі онда жарық жоқ,11:10 1:5; 3:19; 12:35; Жох1 2:10-11. — деп астарлап жауап берді.
11 Мұнан кейін Иса сөзін жалғастырып:
— Досымыз Елазар ұйықтап жатыр. Мен барып, оны оятайын, — деді. 12 Шәкірттері:
— Мырза, ұйықтағаны жақсы, сонда сауығады! — деді. 13 Иса астарлап сөйлеп, Елазардың өлгенін айтқан еді, ал олар кәдімгі ұйқыны айтып тұр деп ойлап қалды. 14 Сонда Иса жасырмай:
— Елазар өлді, — деді.