8 Құдай Рухы келген соң, Ол осы дүниенің күнәсінің, Менің әділдігімнің және Құдайдың сотының қандай екендігіне адамдардың көздерін жеткізеді: 9 олардың күнәсі — Маған сенбейтіндіктері;16:9 15:22.10 әділдігімнің дәлелі — Менің Әкеге баратыным және сендердің бұдан былай Мені көрмейтіндіктерің;16:10 7:33; 16:28; Елш 2:27,31-33,36.11 ал сот — осы күнәкар дүниенің әміршісінің (яғни әзәзіл шайтанның) сотталғандығы.16:11 Иса айқышта құрбан болғанда шайтан да, Құдайға бағынбаған адамдардың бәрі де сотталды (3:18; 12:31; Қол 2:15).
Publicidade