44 Мені жіберген Әкем Өзіме жақындатып тартса ғана, адамдар Маған келе алады;6:44 6:37,45; 17:2-3,6; Мат 13:11. ал Мен оларды ақырғы күні қайта тірілтіп аламын. 45 Пайғамбарлар жазбаларында «Бәрі де Құдайдан тәлім алмақ» делінген.6:45 Иш 54:13. Әкемді тыңдап, Одан тәлім алған әркім Маған келеді. 46 Әрине, Құдайдан Келгеннен басқа ешкім Әкені көрген емес, Әкені көрген — тек Сол ғана.6:46 1:1-2,14,18; 7:29.
Исаның құрбан болғанына сеніп мәңгілік өмірді иемдену
47 Сендерге өте маңызды шындықты айтамын: кім Маған сенім артса, сол мәңгілік өмірге ие.6:47 3:16.