Pular para o conteúdo
Publicidade

Жохан 6

53 Иса оларға былай деді:

— Сендерге өте маңызды шындықты айтамын: егер көктен келген Билеушінің денесінен «жеп», қанынан «ішпесеңдер», сендерде шынайы өмір болмайды.6:53 (6:51-ге берілген түсініктемені қараңыз.) Көктен келген Билеуші: Иса Мәсіхтің Өзі («Адам Ұлы») (1:51; Дан 7:13-14).54 Кімде-кім Менің денемнен «жеп», қанымнан «ішсе», ол мәңгілік өмірге ие болады, Мен оны ақырғы күні қайта тірілтіп аламын.6:54 6:39,54; 6:51-ге берілген түсініктемені де қараңыз.55 Себебі денем — шынайы рухани «нәр», ал қаным — шынайы рухани «сусын». 56 Денемнен «жеп», қанымнан «ішкен» әркім Менімен тығыз байланыста тұрады, Мен де онымен сондай байланыста тұрамын. 57 Мәңгі тірі Әкем Мені жіберді және Мен Ол арқылы өмір сүремін; сол сияқты денемнен «нәр алған» кісі де Мен арқылы шынайы өмір сүреді. 58 Ендеше, көктен түскен «нан», міне, осындай; ол ата-бабаларымыз жеген тәтті нан сияқты емес: олар ақырында өлген; бірақ осы «рухани наннан нәр алған» әркім мәңгі өмір сүреді.6:58 6:49-51; 3:15-16,36; 5:24. —

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também