Pular para o conteúdo
Publicidade

Ошия 1

Кіріспе

1 Мұнда Яһуда еліне Ұзиях, Жотам, Ахаз және Езекия, әрі Солтүстік Исраилге Жоғас ұлы Еробоғам патшалық құрған кезеңдерде1:1 Пат4 14:16,23-29; 15:1-5,32; 16:1-20; 18:1-37. (Ұзияхтың қосымша аты: Азариях.) Жаратқан Иенің Бегери ұлы Ошияға арнаған сөздері берілген.

Опасыз әйелдің балалары — таяп қалған апаттың бейнелері

2 Жаратқан Ие хабарларын халыққа Ошия арқылы жеткізе бастағанда оған былай деді: «Барып, жеңіл жүрісті бір әйелді алып, оның жезөкшеліктен туған балаларын бауырыңа бас! Өйткені осы ел Жаратқан Иеге опасыздық жасап, азғындыққа салынып кетті!» 3 Содан Ошия Диблаим қызы Гомерді әйелдікке алды. Ол жүкті болып, Ошияға бір ұл туып берді.

4 Сонда Жаратқан Ие Ошияға тіл қатып былай деді: «Ұлыңның есімін Ізрел1:4 Осы қаланың аты Ізрехел не Езрел деп те айтылады. Оның мағынасы: «Құдай (тұқым) шашады» не «Құдай сеуіп отырғызады» (2:22). деп қой. Себебі тағы азғана уақыттан соң Мен Ехудің Ізрелде төккен қанына бола1:4 Пат4 9:24-25; 10:7-8,11,31. оның әулетіне назарымды аударып, оны жазалаймын және Солтүстік Исраилдің патшалығын құртып жоқ қыламын. 5 Сол кезде Ізрел аңғарында Солтүстік Исраилдің әскери күшін сындырылған садақ іспетті жоямын!»

6 Гомер қайтадан жүкті болып, қыз туды. Сонда Жаратқан Ие Ошияға тіл қатып былай деді: «Оның есімін Рақым-көрмеген»1:6 Түпнұсқа тілінде: Ло-Рухама. деп қой! Себебі бұдан былай Мен Солтүстік Исраилге рақым көрсетіп, оны кешіруімді доғарамын! 7 Бірақ Яһуда еліне рақым көрсетіп, оны құтқарып қаламын. Алайда оларды құтқаратын шайқастағы садақ, семсер, атты әскер емес, Өзім — олардың Құдайлары Жаратқан Ие боламын.1:7 Пат4 19:32-36.

8 Қызы Рақым-көрмеген емшектен шығарылғаннан кейін Гомер тағы бір ұл туды. 9 Сонда Жаратқан Ие Ошияға былай деді: «Соның есімін Халқым-емес1:9 Түпнұсқа тілінде: Ло-Амми. деп қой! Себебі енді сендер халқым емессіңдер, Мен де сендердің Құдайларың емеспін!»1:9 Мыс 6:7; 19:5-6; Ерм 31:31-32.

Халықтың болашақта еліне қайтып, бірігуі

10 1:10 Ескерту: Осы аят бірнеше шетелдік аудармаларда 2:1 деп есептелініп, бұдан кейінгі аяттардың сандары 2:23-ке дейін екі санға артқан. Бірақ болашақта Исраил халқының саны теңіз жағалауындағы санаса сан жетпейтін құм түйіршіктеріндей қисапсыз көп болады. Оларға «халқым емессіңдер» делінген жердің өзінде олар енді «Мәңгі тірі Құдайдың рухани балалары» деп аталады.1:10 11:1,10; Мыс 4:22-23; Жыр 32:12; 72:23-26; Иш 63:16; 64:8.11 Яһуданың және Исраилдің адамдары тағы да бірігіп, өздеріне бір басшыны тағайындап алады. Олар (жер аударылған) елден қайтып келеді. Себебі (халық өз елін қайтадан қоныстанатын) «Ізрел күні» ұлы күн болады!1:11 1:4.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também