Даналықтың ұраны
20 Даналық көшелерде шақырады,
Алаңдарда дауыстап жар салады,
21 Жұрт жиналған жерлерде даусы шығады,
Қала қақпасы алдында уағыз айтады:
22 «Аңғалдар, қашанғы аңғалдықты сүйесіңдер,1:22 (9:4) Яки: Парықсыздар, қашанғы парықсыздықты ұнатасыңдар.
Мазақшылдар, қашанғы мазақтай бересіңдер,
Ақымақтар, қашанғы білімді жек көресіңдер?
23 Кәне, менің тәрбиеме құлақ түріңдер!
Сонда сендерге рухымды молынан төгемін,
Айтатын сөздерімді түгел білдіремін.