36 Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Сенің нәпсіқұмарлығыңа беріліп, ашыналарыңмен ойнас жасап, жалаңаш тәніңді көрсеткенің үшін, яғни анау жиренішті тәңірлеріңе табынып, оларға өз балаларыңның қанын тарту ретінде ұсынғаның үшін, 37 біліп қой: Мен өзіңмен бірге рақаттанған ашыналарыңның барлығын, өзіңе сүйкімдісін де, жек көрініштісін де жинап аламын. Оларды жан-жақтан саған қарсы жинап әкеліп, олардың көзінше сенің киімдеріңді сыпырып шешіп тастаймын. Сонда олар жалаңаш тәніңді түгелдей көретін болады.
Publicidade