30 Сондықтан, уа, Исраил халқы, Мен сендердің әрқайсыңа өз іс-әрекеттеріңе сәйкес үкім шығарамын! — деп ескертеді Жаратушы Тәңір Ие. — Бұрын істеген барлық зұлым қылықтарыңа өкініп, солардан бас тартыңдар!18:30 14:6. Сонда сендер өмір жолдарыңда әділетсіз іс істеп сүрініп құламайсыңдар. 31 Істеп келген барлық зұлым қылықтарыңды тастап, жаңа жүрек пен жаңа рухты иемденіңдер!18:31 11:19-20; 36:26. Әйтпесе сендерге өліп не бар, уа, Исраил халқы? 32 Өйткені Мен ешкімнің де өлімін қаламаймын. Сондықтан өкініп, теріс жолдарыңнан қайтып, өмір сүре беріңдер!18:32 Яки: шынайы өмірге ие болыңдар! (18:23,30) Мен, Жаратушы Тәңір Ие, осыларды нық айтамын.
Publicidade